Мемлекеттік және жергілікті басқару

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы – кәсіби мемлекеттік қызметкер болғысы келетін және озық басқару технологияларын еркін меңгергісі келетіндер үшін. Бітірушілер мемлекеттік басқару органдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратында және әкімшілігінде; ҚР Парламенті аппаратында; ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде; экономика және қаржыны басқару органдарында (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдарында (аудандар, қалалар, облыстар әкімдіктері); ұлттық мемлекеттік және жеке компанияларда жұмыс істейді. "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының бакалаврлары әкімшілік-аумақтық аппараттарын басқарады, ұлттық компанияларда, кәсіпорындарда, ұйымдар мен фирмаларда менеджерлер мен экономистер жұмыс істейді.
Бітірушілердің кәсіби қызметі: басқару, экономика, менеджмент, талдау, индикативтік және стратегиялық жоспарлау, болжау, ұлттық, өңірлік экономика және кәсіпорындар деңгейлерінде қаржы-экономикалық шешімдер қабылдау сияқты салаларды қамтиды.

Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04105

Сорбонна-Қазақстан институты

География

Математика

65 (Каз.) 65 (Орыс.)