педагогика ғылымдарының магистрі
1. «7М01502-физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері
1.1 «7М01502-физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты:
1.1.1 -іргелі ғылыми немесе кәсіби дайындығы бар, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, зерттеу саласын жүйелі түсінуді көрсететін, ғылыми экспериментті шебер ұйымдастыратын, ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі жарияланымдарда өз зерттеулерінің нәтижелерін ресімдейтін магистрлерді даярлау;
1.1.2 -ғылымды табысты дамытуға мүмкіндік беретін, іргелі сапалы кәсіби білімді, физика саласы бойынша арнайытерең білімдерді меңгерту;
1.1.3 -теориялық физикалық модельдерді құру әдістерін және олардың математикалық формализациясы мен шешімдерінің негізгі тәсілдерін меңгеру; физикалық процестерді компьютерлік моделдеудің әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
1.1.4 - ғылыми және шығармашылық жұмыстарға, нәтижелерді сын тұрғысынан пайымдауға, еркін, демократиялық және құқықтық мемлекет жағдайында өзінің кәсіби қызметі үшін жауапкершілікті қалыптастыруға дайындық.
1.2 білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
1.2.1-эксперименттік жұмыстар жүргізудің барлық түрлері мен дағдыларын меңгеру;
1.2.2-жаңа білім алу қабілетін, өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгертуге психологиялық дайындығын қалыптастыру және бітірушіні жаңа білім алуға, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті кең білімді жастарды тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
1.2.3-қазіргі әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге сәйкес келетін білімді меңгеру;
1.2.4-докторантурада білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігін алу.
1.3 білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар:
1.3.1-қазіргі ғылымның негізгі заңдары мен ұғымдарын, сонымен қатар қазіргі ғылымдағы зерттеу әдістерін білу;
1.3.2-физикалық процестер мен құбылыстарды терең талдауға, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінің міндеттерін осы негізде шешуге қабілетті болу.
1.3.3-әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру.
1.3.4-жаңа ортада, неғұрлым кең пәнаралық контексте мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану.
Физика
7M01504
Математика, физика және информатика факультеті
Ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Басқару психологиясы-басқару қызметінің заңдылықтары туралы психологияның бөлімі. Психологиялық жағдайларды, басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. Басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау және болжау; бағыныштылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімнің орындалуын ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеті. Диагностикалық құралдарды құру түрінде тәжірибелік іске асыру, басшыларды дайындаудың белсенді әдістерін әзірлеу, басқарушылық кеңес беру.
9
ҒЗЖ қорғау
Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың мақсаты материалды зерттеу болып табылады. Магистрант өз инновацияларын жобалау және сынақтан өткізу дағдыларына ие болуы керек; оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізу нәтижелерін талдау және бағалау. Оқытудың қолданылатын әдістері мен құралдарының дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі дәрежесін анықтау.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді дайындаудың әдістемелік мәдениетін қалыптастыру.<br/> Қалыптасқан дағдылар: тарихи-философиялық көзқарас принциптерін жалпылайды және жіктейді; тәуелсіз зерттеу қызметін жоспарлайды және бағалайды<br/> Мазмұны: Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білімнің эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы коммуникациялық технологиялар, ақпараттық процестер.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері.Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіснамасы. Кәсіби құзыреттілігі, ЖОО оқытушысын оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, СҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі Менеджмент.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.
5
ҒЗЖ қорғау
Ақпаратты тексеру және құрылымдай алу қабілеті.
5
ҒЗЖ қорғау
Ақпаратты тексеру және құрылымдай алу қабілеті.
12
Магистрлік диссертация
Диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі мәселелеріне сәйкес келу керек: өзектілігі, ғылыми жаңалықтың мазмұны және тәжірибелік маңызы, ғылымның, техниканың және өндірістің заманауи жетістіктерін қолдана отырып іске асыру қарастырылады. Жетілдірілген ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, қорғауға ұсынылған диссертацияның негізгі ережелеріне арналған тәжірибелік зерттеулердің (әдістемелік, практикалық) бөлімдері әзірленеді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мектеп физикалық эксперимент теориясы мен практикасын зерттеу. Пәннің мазмұны: эксперимент түрлері туралы білімді жүйелеу, эксперименттің әдістемесі мен әдіснамасы (олардың айырмашылығы мен өзара байланысы); Студенттердің танымдық белсенділігін дамыту үшін физикалық эксперимент мүмкіндіктерін ашу; Эксперименттің әдістері мен әдістерін жасау және меңгеру бойынша студенттердің дағдыларын қалыптастыру; Оқу экспериментінде жаңа технологияларды қолданумен мектеп физикасы экспериментінің технологиялары мен әдістерін дамыту перспективаларын білу
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ped 5103 (Г)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану және Психологияның негізгі білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың әртүрлі салаларындағы жағдайларды бағалайды. Бұл модуль білім беруде қоғам мен әлеуметтік құрылымдарды, адамдардың өзара қарым-қатынасын түсінуді үйретеді. Курста әлеуметтік теориялар, әлеуметтік институттар мен топтар, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен процестер талданады. Әлеуметтану пәні студенттерге қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді түсінуге және оларды шешудің ғылыми әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Пәнде әлеуметтік әдістер мен зерттеу тәсілдері, соның ішінде сауалнамалар, сұхбаттар және деректерді талдау қарастырылады. Сондай-ақ, заманауи саяси билік пен оның институттарының жұмыс істеуінің негізгі принциптері туралы түсінік қалыптастырады. Саяси жүйелерді, билік механизмдерін және олардың әртүрлі елдердегі жұмыс істеуін талдауға дағдылар дамытылады. Мәдениетке баулу, мәдениет технологиясын меңгеру , мәдени процестерді басқару және болжау дағдыларын қалыптастырады. Студенттер психологиялық ұғымдарды және кәсіби өзін-өзі анықтау әдістерін меңгереді. Әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастырады, өзін және басқаларды түсінуге үйренеді, кикілжің жағдайлардағы мінез-құлық үлгілерін игереді және тиімді коммуникация техникаларын меңгереді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл пәнді оқыту барысында: орта мектептің физика курсының теориялық негіздері мен мазмұнының құрылымы, олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мақсатында физикадан сабақтарды дайындау және өткізу әдістемесі; физикадан оқу және қосымша сабақтар, оларды жоспарлау, физика сабақтарын өткізуге арналған құралдар, физиканы оқытуға инновациялық технологияларды енгізу қарастырылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Шет тілін С1, С2 деңгейінде меңгеру (тілдік мамандықтар), LSP монологиялық және диалогтық формада (баяндама, презентация, әңгімелесу, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде оқу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды есту арқылы қабылдау. Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, жобаларды жазу, рәсімдеу. Сөздікпен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Екі жақты аударма дағдылары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Атомдық энергетиканың физикалық негіздерін түсіну үшін атом және ядролық физика саласындағы білімді қолдану.Мазмұны:Ядролық энергетика қолданылуының жалпы мәселелері. Ядролық және нейтрондық физика негіздері. Ядролық энергетикалық қондырғылардың қазіргі жағдайы және даму перспективалары. Диагностикалық жүйелерді қолдану. Құзіреттіліктер: кәсіби қызмет аясында шешім қабылдай білу;ғылыми-техникалық ақпараттарды талдай білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық процестер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды әдістемелік ғылымның заманауи мазмұнымен, физика курсының жекелеген тақырыптарын оқыту әдістемесімен таныстыру.Мазмұны: физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің жалпы мәселелері. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері. Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі заманғы әдістері. Құзіреттіліктер: кәсіби қызмет саласында жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше игеру және қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: іргелі физикалық теорияларды жалпылау және оларды тереңмеңгерту. Мазмұны: физикадағы және табиғаттағы симметрия. Энтропия және абсолют температура. Термодинамиканың екінші бастамасы. Термодинамикалық жүйелердің тепе-теңдік және тұрақтылық шарттары. Электромагниттік өрістің инварианты. Максвелл теңдеулерінің тензорлық формасы.Соқтығысу теориясы.Құзіреттеліктер: негізгі физикалық теорияларды талқылайды; физиканың таңдаулы тарауларын оқыту әдістемесіне талдау жасайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды физикалық білім берудің әдістемелік негіздерімен қаруландыру.Мазмұны:пәнді меңгеру барысында білім алушылар жоғары және орта мектепте физиканы оқыту әдістемесін игереді. Сондай-ақ, магистранттар оқу жұмысының жаңа формаларымен, физикалық білім берудің әдістемелік негіздерімен танысады.Құзіреттіліктер: физикалық білімнің құрылымдық элементтерін анықтау;физикалық білімді қалыптастырудың тәсілдерін талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жоғары және орта мектептегі физикаплық білімнің өзекті мәселелері жайында білімдерді игеру.Мазмұны: орта мектепке арналған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің сипаттамасы.Мектеп физика курсындағы іргелі теориялар.Іргелі физикалық теорияларды меңгеру барысында әлемнің физикалық картинасын қалыптастыру. Физикалық теорияларды меңгеру барысында оқушыларға қойылатын талаптар.Құзіреттіліктер: физикалық эксперимент және бақылаулар жүргізе білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қазіргі заманауи жағдайдағы физикалық эксперименттің ерекшеліктері жайындағы білімдерін тереңдету.Мазмұны: физикалық демонстрациялық эксперимент – оқу процесінің бөліп алуға болмайтын элементі. Эксперименттік есептер. Эксперименттік есептерді шығару алгоритмі. Дәрісте эксперимент көрсету әдістемесі. Физикалық процестерді компьютерлік моделдеу және оларды оқу процесінде қолдану. Құзіреттіліктер: мектепте физикалық эксперимент жүргізу барысында заманауи технологияларды қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты. Материалды және элементтік құрамды ядролық-химиялық және электронды-микроскопиялық әдістермен зерттеу бойынша терең білімі бар мамандарды даярлау.
Мазмұны:Қатты дене ядроларының гаммакванттарының сәулеленуі және жұтылуы. Когерентті ядролық бұзылу режиміндегі Мессбауэр спектроскопиясы.Синхротронды сәулелену, қасиеттері, қолданылуы. Нейтрондардың магниттік шашырауы
Қалыптастырылатын құзіреттіліктер:
-Заттық, элементтік құрамды зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін сипаттай алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты. физиканың жекелеген бөлімдері бойынша білімді саралау. Мазмұны: жартылай өткізгішті микроэлектроника. Кванттық және бейсызық оптика. Асқын өткізгішті техника. Компьютерлік техникадағы, коммуникациялардағы және басқарудағы қазіргі технологиялар. Кванттық ақпарат. Құзіреттіліктер: білім беру жүйесінің дамуындағы қазіргі тенденцияларды, білім берудегі инновациялық процестердің өлшемдерін сипаттайды; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды білім беру қызметіне енгізеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: іргелі физикалық теориялар жайындағы білімдерді жалпылау және жетілдіру.Мазмұны: ғылым - адамзат танымының негізгі формасы. Физика дамуының негізгі кезеңдері. Ньютон теңдеулерінің қолданылу шекарасы. Эйнштейннің салыстырмалылық принципі. Кванттық электроника. Құзіреттіліктер: жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқытудың сапасын жақсартудың мүмкін жолдарын көрсетеді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттарды физикалық есептерді шығару әдістемесімен таныстыру, меңгерілген құбылысты талдай білуге үйрету.
Мазмұны: Физикалық есеп және есеп шығарудың маңызы. Физика есептерін шығарудың әдіс-тәсілдері. Физика есептерін шығару әдістемесі.
Қалыптастырылатын құзіреттіліктер:
-физикалық есептерді шығарудың әдістері мен тәсілдерін классификациялайды;
-өндірістік-техникалық мазмұнды есептерді құрастырады;
- пәнаралық сипаттағы есептерді құрастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды физикалық есептерді шығару әдістемесімен таныстыру, меңгерілген құбылысты талдай білуге үйрету. Мазмұны: физикалық есеп және есеп шығарудың маңызы. Физика есептерін шығарудың әдіс-тәсілдері. Физика есептерін шығару әдістемесі.Құзіреттіліктер: физикалық есептерді шығарудың әдістері мен тәсілдерін классификациялайды; өндірістік-техникалық мазмұнды есептерді құрастырады;пәнаралық сипаттағы есептерді құрастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: сабақтастық негізінде табиғи құбылыстардың өзара байланысын тағайындау арқылы ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.
Мазмұны: Мектепте және педагогикалық ЖОО физикадан білім беруде сабақтастықтың ролі мен маңызы, сабақтастықты жүзеге асыру жолдары. Процессуалдылық сабақтастық және оның құрылымы. Мазмұндық сабақтастық және оның құрылымы.
Құзіреттіліктер: сабақтастық негізінде пәнді оқытуды ұйымтастыра білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты:курстың теориялық негіздерін нығайту арқылы мұғалімдердің әдістемелік және педагогикалық дайындығын жетілдіру. Мазмұны: зерттеудің теориялық әдістері. Есептеу әдістеріндегі атом. Базистік функциялар. Рутана теңдеуі. Тығыздықтың функционалдық теориясы. Молекуладағы атом. Топологиялық теория. Мессбауэрлік спекторскопия.Құзіреттіліктер: теориялық және тәжірибелік әдістерді практикада қолдану принциптері мен шарттарын білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Наноматериалдар, олардың әртүрлілігі, материалдардың ерекше қасиеттерін алу технологиялары жайында түсінік қалыптастыру.
Мазмұны: Наноматериалдардың классификациясы. Көміртекті наноматериалдар.Наноматериалдарды өндіру технологиялары. Нанотехнологиядағы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жинау. Туннелді эффект. Микроскоптардың жұмыс істеу принциптері. Зондты нанолитография. Наноматериалдардың қолданылуы.
Қалыптастырылатын құзіреттіліктер:
- ғылыми-зерттеу жұмыстарында физика ғылымының соңғы жаңа жетістіктері жайындағы білімдерін пайдалану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: физика тарихына деген қызығушылықты және қазіргі заманғы физиканың даму логикасын түсінуін қалыптастыру. Мазмұны: қазіргі уақытта білім берудетарихи мәліметтерді қолдану мәселесі. Физиканы оқытудағы физика ғылымының қалыптасу тарихы мәселесінің толық баяндалуы. Құзіреттіліктер: физика ғылымының әдіснамасы мен физика тарихын сипаттайды; көрнекті физиктердің ғылыми көзқарастары мен шығармашылық жұмыстарын салыстырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды есептер шығарудың әдістемелік негіздерімен таныстыру.Мазмұны: физикалық есептер және есептерді шығару процесінің мәні. Есептер шығару әдістері мен тәсілдері. Физика есептерін шығару кезеңдері. Әртүрлі типтегі есептерді шығаруға үйрету әдістемесі. Физика есептерін құру. Құзіреттіліктер: физикалық есептерді шығаруға арналған сабақтарды өткізеді; жаңа физикалық есеп құрастыра біледі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: стандартты емес есептерді шығару дағдысын қалыптастырып, магистранттарды табысты кәсіби-педагогикалық қызметке дайындау.
Мазмұны: физикадағы стандартты емес есептер. Олимпиадалық есептер. Олимпиадалық есептердің түрлері. Олимпиадалық есептерді іріктеуге және құрастыруға қойылатын талаптар.
Құзыреттіліктер: керекті ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу, алған ақпараттарын жүйелеп, қолдана білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды мемлекеттік тапсырысқа сәйкес келетін мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқыту технологияларымен таныстыру.Мазмұны. заманауи білім беру стандарттары және оларға сәйкес оқыту нәтижелері.Физиканы оқытудағы модульдік технологиялар. Оқушы білімін портфолио арқылы бағалау. Құзіреттіліктер: білім беру процесінің сапасын бағалау және диагностикалау үшін заманауи технологияларды қолдана білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: дербес компьютерлердің көмегімен физикалық құбылыстар мен процестердің моделдерін құру әлістерімен магистранттарды таныстыру.Мазмұны: заманауи математикалық моделдердің қолданылу шекарасы мен мүмкіндіктері. Есептеу нәтижелерінің графиктік бейнесі. Әртүрлі физикалық құбылыстарды моделдеу. Құзіреттіліктер: бағдарламалық пакетте физикалық процестерді модельдеу кезінде дифференциалдық теңдеулерді қолданады;физикалық процесті сипаттайтын теңдеулер жазады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың физиканы оқыту нәтижелерін бағалау дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Физиканы оқыту нәтижелерін бағалау әдістері. Бағалау тапсырмаларының ерекшеліктері және оларды құрастыру әдістері. Физикадан контекстік тапсырмалар және оларды бағалау әдістері.
Құзыреттер: оқыту нәтижелерін бағалау дағдылары; бағалау тапсырмаларын құрастыру дағдылары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: физиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен таныстыру.
Мазмұны: физиканы оқыту әдістемесі бойынша диссертациялардың ғылыми-әдістемелік тақырыптарына шолу; ғылыми-әдістемелік зерттеудің негізгі кезеңдері; диссертацияның ғылыми аппараты; ғылыми, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Зерттеудің әдістері мен формалары; эксперименттің негізгі әдістері және өлшеу нәтижелерін өңдеу.
Құзыреттіліктер: педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеу тұрғысынан көрсету.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды физиканы саралап оқытудың заманауи теориясы мен практикасы саласындағы құзыреттермен қаруландыру.
Мазмұны: Саралап және даралап оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері. Физиканы саралап және даралап оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Физиканы саралап және даралап оқытудың әдістемесі.
Құзіреттіліктер: Физикадан білім беруде кездесетін проблемаларды кәсіби тұрғыдан шеше алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: пәнаралық байланыс негізінде табиғи құбылыстардың өзара байланысын тағайындау арқылы ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру.Мазмұны: пәнаралық бағдарламалар құрастыру әдістемесі. Пәнаралық факультативтік курстар. Пәнаралықмазмұндағы қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау.
Құзіреттіліктер: ғылыми оқу-әдістемелік материалдарды талдау;физика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысын жүзеге асыру.
Тәжірибені қорғау
зерттеу практикасы кәсіби білімді жүйелейді, кеңейтеді және бекітеді, магистранттарда өзіндік ғылыми жұмыс, зерттеу және эксперимент жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу практикасын игеру кезінде магистранттарда нақты ұйымның қызметін зерделеу негізінде арнайы пәндерді зерделеу кезінде алған білімдері бекітіледі, кеңейтіледі және жүйеленеді; таңдалған бағыт бойынша бастапқы практикалық тәжірибе жинақталады.
Тәжірибені қорғау
Мақсаты: математика және білім беру саласындағы ғылыми-зерттеудің қызметін игерту.
Мазмұны: білім беру ұйымдарындағы жаңа әдістер мен технологиялармен танысады. Ғылыми дискуссияларды кәсіби тұрғыдан өткізудің жолдарын үйреніп, тәжірибе жүргізіп, бағалауды игереді.
Құзіреттілігі: өзінің кәсіби қызметін жоспарлау мен шешудің жолдарын үйренеді.