Философия докторы (PhD)
Бәсекеге қабілетті білім беру ортасындағы ең жоғары академиялық стандарттарға сәйкес арнайы психология саласында терең білімі бар, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыра алатын философия докторларын (PhD) даярлау.
Арнайы білім беру психологиясы
8D01907
Педагогика және психология факультеті
Ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу барысында білім алушылар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Арнайы білім берудің өзекті мәселелерін шешудің қолданыстағы тәсілдерін зерттеу және жаңа тәсілдерді іздеу; арнайы психологияның ғылыми-практикалық мәселелерін шешудің қазіргі тенденцияларын іздеу және анықтау. Мазмұны: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы заманауи психологиялық мәселелер. ЕББҚ бар балаларды кешенді сүйемелдеудегі инновациялық нысандар мен технологиялар. ЕББҚ бар балаларды психологиялық оңалту. ЕББҚ бар балаларды психологиялық қолдаудың заманауи психологиялық-педагогикалық тәсілдері. Арнайы және инклюзивті білім беру саласында маман-психологты даярлау мәселелері.Құзыреттілігі: арнайы психологиядағы қазіргі заманғы проблемаларды талдай білу, Арнайы психологияны дамытудың қазіргі жай-күйі мен басым бағыттарын жүйелі талдау негізінде, оның даму эволюциясы, негізгі өзекті ғылыми-теориялық проблемалар аясында ЕББҚ бар адамдарға арнайы білім беру саласындағы ғылыми психологиялық зерттеулерді жүзеге асыра білу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: психологиялық зерттеу саласындағы және пәнаралық контекстегі заманауи ғылыми парадигмаларды зерттеу. Мазмұны: арнайы психология, ерекше жағдайларды зерттейтін даму психологиясының саласы ретінде.Ғылым ретінде арнайы психологияның қалыптасуы. Ғылым ретінде арнайы психологияның объектісі мен пәні. Арнайы психологияның бөлімдері мен қолданбалы аспектілері. Арнайы психологияның ғылыми жүйелері. Құзыреттілігі: психологиялық зерттеудің теориялық негіздерін талдай және негіздей білу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: докторанттардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту. Мазмұны: ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, кезеңдері, тұжырымдамалық аппараты және жіктелуі. Жеке және арнайы әдістер, ғылыми зерттеулердің қателіктері. ҒЗЖ жоспарлау. Ғылыми ақпарат жинау. Ғылыми зерттеу этикасы. ҒЗЖ құрылымы. ҒЗЖ бағалаудың аналитикалық әдістері мен құралдары: ақпараттық технологиялар мен ресурстарды пайдалана отырып ҒЗЖ ұйымдастыру және басқару. Құзіреттілігі: ғылыми мақалаларды, докторлық диссертацияны дайындау дағдылары.
3
М(Д)ҒЗЖ
Мақсаты: докторанттарды диссертациялық жұмыстың негізгі талаптары мен түрлерімен таныстыру.<br/> Мазмұны: докторлық диссертацияның тақырыбын анықтау. Докторанттың жеке жоспарын және диссертацияның ғылыми аппаратын құрастыру. Диссертация жұмысының жоспарын әзірлеу. Негізгі әдебиеттерді таңдау және талдау. Докторанттың ғылыми есебін құру және қорғау.<br/> Құзіреттілік: зерттелетін тақырыптың өзектілігін анықтау, диссертация тақырыбы бойынша қазіргі заманғы жетекші ғылыми үрдістерді талдау, жалпылау.
7
Ғылыми-зерттеу практикасы
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
9
Докторлық диссертация
13
Докторлық диссертация
5
Докторлық диссертация
2
Докторлық диссертация
12
Докторлық диссертация
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: ғылыми-зерттеу қызметінде АКТ қолдану дағдыларын дамыту. Мазмұны: ғылыми-зерттеу қызметіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ғылыми-зерттеу қызметіндегі технологиялар.Жобалау және бағдарламалау технологиялары. Педагог пен мамандардың командалық өзара іс-қимыл технологиялары. Құрылымдық, бейімделген және қол жетімді ортаны ұйымдастыру технологиялары. Құзыреттілігі: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда және жүргізуде АКТ-ны қолдана білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Қазақстан Республикасында дефектологиялық ғылымның даму тенденциялары. ЕББҚ оқытуды жаңғыртудың теориялық аспектілері. Жаһандық үрдістер контексіндегі арнайы білім мазмұнын жаңғырту. Зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін және
ЕББҚ оқытудағы технология жасау үшін жағдай жасау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
ҚР арнайы психологияның теориясы мен практикасы. Шет елдердегі арнайы психологиялық ғылымның теориясы мен практикасы. Арнайы психологияның Қазақстандағы ғылым және мамандық ретінде қалыптасуы мен дамуы. Арнайы психологиядағы ғылыми теорияларды құру.
Тәжірибелік-зерттеу практикасы
Мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті кәсіби құзіреттілікті дамыту,тәжірибені өткізудің жеке жоспарын дайындауды үйрету.
Мазмұны: эксперименттік зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау. Зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістері мен жолдарын білу. Зерттеу нәтижелерін сараптау мен таразылаудың заңдылықтарын игеру. Ақпараттық технологияларды зерттеу жұмысында қолдану.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:эксперименттік жұмыстар жүргізеді, оны жетілдірудің жолдарын айқындайды
Педагогикалық практика
Мақсаты: докторанттардың инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, әртүрлі оқу сабақтарын дайындау және өткізу бейініне сәйкес пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін педагогикалық жобалауға дайындығын қамтамасыз ететін педагогикалық қызметке және кәсіби құзыреттілікке оң уәждемесін қалыптастыру.
Мазмұны: докторанттың педагогикалық практикасы ұйымдастырушылық (оқу процесін регламенттейтін құжаттармен танысу), әдістемелік (кафедраның оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етумен танысу, ұсынылған пән бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды әзірлеу, Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау) және оқу жұмысын (жетекші оқытушылардың дәрістік және практикалық сабақтарына қатысу және басқа докторанттар өткізетін оқу сабақтарына өзара қатысу, оларға талдау жасауды жүзеге асыру және басқа докторанттардың, инновациялық технологияларды және оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып, оқу сабақтарын өз бетінше өткізу және өзін-өзі талдау).
Құзыреттілігі: - оқу пәндерінің (модульдердің) бағдарламаларын әзірлеу);
- студенттердің оқу және өзіндік қызметін ұйымдастыру; - жоғары мектепте сабақ өткізу кезінде интерактивті әдістерді, білім беру, цифрлық технологияларды пайдалану.