біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

Қазіргі таңда «География» мамандығы халықаралық талаптарға сәйкес заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік дамуына, оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге, сондай ақ білім беру үдерісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті педагог-географтарды даярлайтын сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады.
География ˗ жаратылыстану ғылымдарының заңдарын қолдана отырып, тәжірибелік және далалық эксперименталды зерттеулерді жүзеге асыратын мамандық.
География бакалаврының кәсіби қызмет саласы - білім. «Туризм», «Экология» және т. б. қосымша білім беру бағдарламалары туризм, экология және басқа да салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
5В011600-География мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің пәні ˗ қоршаған әлемде болып жатқан географиялық үдерістер мен құбылыстар туралы толық ақпарат алу мақсатында оқу-тәрбие үдерісі болып табылады.
5В011600-География мамандығы бойынша білім беру бакалавры келесідей кәсіби іс-әрекет түрлерін орындай алады:
- «педагогикалық» білім беру жұмысы әртүрлі оқу орындарында (мектеп, гимназия, лицей, колледждер және т.б.) география және аралас пәндер мұғалімі ретінде;
- ғылыми-зерттеу: әртүрлі оқу, академиялық және ғылыми-зерттеу ұйымдарында бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;
- жобалық: жобалық және конструкторлық ұйымдарда жалпы және мамандандырылған әзірлемелерді орындау;
- әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардағы өндірістік–басқару қызметі (білім бөлімдері, әкімшіліктер, зертханалар, станциялар, орталықтар және т. б.);
географиялық бейіндегі өндірістердегі ұйымдастыру-технологиялық қызмет (қорғалатын аумақтар, қоршаған орта мониторингі және т.б.).

География

6B01515

Жаратылыстану және география факультеті

Педагогическая переподготовка

күндізгі (ҚОТ қолданумен)

Биология

География

60 (Каз.) 60 (Орыс.)

0 〒 (күндізгі (ҚОТ қолданумен), Педагогическая переподготовка)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі (ҚОТ қолданумен), Педагогическая переподготовка)