білім бакалавры
Химия ғылымы саласындағы концептуалды білімі бар, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемесі, іскерлік және басқарушылық қабілеті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, игерілген құзыреттіліктер негізінде педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын химия пәні мұғалімін дайындау.
Химия (IP) ТМ
6B01524
Жаратылыстану және география факультеті
Бiрiншi жоғары бiлiм
күндізгі
Химия
Биология
80 (Каз.) 80 (Орыс.)
0 〒 (күндізгі, Бiрiншi жоғары бiлiм)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Бiрiншi жоғары бiлiм)
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
"Абайтану" пәнінің маңызы, өзекті мәселелері, оның тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беріп білім алушылардың ғылыми-педагогикалық, тәрбие бағытындағы дағдыларын қалыптастыру. Өзге ғылым салалары, басқа пәндермен байланыс жасай отырып, хәкім Абайдың өмірі, шығармашылығы, кемеңгердің «Толық адам» концепциясын ғылыми, теориялық бағытта зерттеу негізінде, ойшылдың даналық тағылымын, ізгілік ілімін меңгеру үшін ақынның шығармашылық мұрасын жаңа көзқарас тұрғысынан пайымдап, оны тәжірибелік тұрғыдан қолданауға бағыт-бағдар беру.
8
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Әлеуметтану. Әлеуметтану әлеуметтік әлемді түсінуде. Әлеуметтік зерттеулер. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификациясы. Әлеуметтену және сәйкестілік. Отбасы және заман. Ауытқу, қылмыс, әлеуметтік бақылау. Дін, мәдениет, қоғам. Этникалық әлеуметтану және ұлт. Білім және әлеуметтік теңсіздік. Масс-медиа, технология және қоғам. Экономика, жаһандану, еңбек. Денсаулық және медицина. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар. Әлеуметтік өзгеріс.
Саясаттану. Саяси ғылымдар дамуының негізгі кезеңдері. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Саяси билік. Саяси элиталар, көшбасшылық. Қоғамның саяси жүйесі. Мемлекет және азаматтық қоғам. Саяси режимдер. Сайлау жүйелері, сайлау. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси мәдениет, мінез-құлық. Саяси сана, идеология; даму, модернизация; қақтығыстар, дағдарыстар. Әлемдік саясат, қазіргі халықаралық қатынастар.
Мәдениеттану.Мәдениет морфологиясы. Мәдениет тілі. Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы. Номадтардың мәдениеті. Прототүркілердің мәдени мұрасы. Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Түркілердің мәдени мұрасы. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы. XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениеті қазіргі әлемдік үдерістер мәнмәтінінде, жаһандану мәнмәтінінде. Қазақстанның мәдени саясаты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
Психология. Ұлттық сана мәнмәтініндегі тұлға. Мен және менің уәждемем. Эмоциялар, эмоционалды зият. Адамның еркі, өзін-өзі реттеу психологиясы. Жеке типологиялық ерекшеліктері. Құндылықтар, мүдделер, нормалар – рухани негіз. Өмірдің мәні, кәсіби өзін-өзі анықтау, денсаулық психологиясы. Жеке және топтық қарым-қатынас. Қарым-қатынастың перцептивті жағы. Қарым-қатынастың интерактивті жағы. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы. Әлеуметтік-психологиялық шиеленіс. Шиеленістегі мінез-құлық үлгілері. Тиімді коммуникация техникасы.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
"Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері" пәні білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, дамуын бақылау, жасына сәйкес оқу процестерін жоспарлау және енгізу, жалпыға бірдей оқыту мен оқушылардың әл-ауқатын шығармашылық қолдау. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: әр білім алушылардың бастапқы кезеңдерін, олардың оқу әлеуеті мен нақты қолдау қажеттіліктерін тани алады; өз білім алушыларына нақты қолдау, жетекшілік ету, оқыту және бағалауға қатысты жеке қажеттіліктерін қарастыра алады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты: студенттерге бейорганикалық химияның қазіргі мәселелері, периодтық заң мен периодтық жүйенің қазіргі жағдайы, бейорганикалық реакциялардың химиялық байланысы және кинетикасы, бейорганикалық заттар мен бейорганикалық материалдар технологиясының қазіргі жағдайы туралы мәлімет беру. Химияны ғылым ретінде дамытудың негізгі бағыттары туралы заманауи идеяларды жетілдіру және дамыту.
Құзыреттілік: Студенттердің негізгі химиялық білімдерін, зертханалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, химияның теориялық негіздерін меңгеру, сонымен қатар педагогикалық кәсіби қызметте қолдану.
2
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Салауатты өмір салтының негіздері. Дене тәрбиесінің жаратылыстану-ғылыми негіздері. Заманауи сауықтыру жүйелері, ағзаның физикалық жағдайын бақылау негіздері. Дене шынықтырумен және спортпен өзіндік айналысудың негізгі әдістері. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы. Жалпы дене дайындығы. Жылдамдық. Жүгіру. Эстафеталар. Шыдамдылық, икемділік, ептілік, үйлестіру, тепе-теңдік, гимнастикалық, акробатикалық жаттығуларды орындау. Күші. Жалпы дамыту жаттығулары. Арнайы дене шынықтыру дайындығы.
5
[АБ1+MT+АБ2+МЕК] (100)
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелерін және болашақ маманның ойлау дербестігін дамыту үшін тарихи-мәдени процестерді зерделеу негізінде.
1. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы туралы білімді жалпы, ерекше және бірлік, нақты фактілер мен әлемдік дамудың біртұтас бейнесінде көрсету.
2. Қазақстанның өткен және қазіргі заман құбылыстарын тарихизм, тарихи процестердің көп өлшемділігі мен қайшылығын диалектикалық түсіну тұрғысынан талдау;
3. Әр түрлі тарихи және заманауи дереккөздердің ақпаратын жан-жақты талдай білу, өз бетінше, өткен және қазіргі кездегі әлеуметтік даму мәселелерін шығармашылық тұрғыдан түсіну.
4. Отандық және әлемдік тарих пен мәдениетке құрметпен қарау, адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің игілігін сақтауға және арттыруға ұмтылу.
9
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
6
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: элементтердің химиялық қасиеттерінің, олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты өзгерістері туралы қорытынды жасау, химиялық, экологиялық және химиялық-технологиялық мақсаттағы әртүрлі есептеулерді орындау кезінде химиялық элементтер туралы алған білімдері мен түсініктерін қолдану және дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны: сутегі, алу, қасиеттері, практикалық қолдану. s-элементтерге, p-элементтерге, d-элементтерге жалпы сипаттама, алынуы, қасиеттері, маңызды қосылыстары, қолданылуы. f-элементтер, радиоактивтілік, ғылымда, техникада өнеркәсіпте пайдаланылуы. Қазақстандағы металдар және олардың балқымаларының өндірісі.
Құзіреттілік: химияның жалпы және қолданбалы аспектілері бойынша өз қызметін жүзеге асыруға байланысты мақсаттар қояды және міндеттер тұжырымдайды, теориялық және эксперименттік білімдерін практикада қолданады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: анализге алынатын заттардың сапалық құрамын анықтау үшін зерттелетін химиялық қосылыстың белгілі затпен сәйкестігін анықтау.
Мазмұны: аналитикалық химияның теориялық негіздері; жіктелуі, талдау түрлері. Сапалық анализ әдістері. Элементтерді бөлу әдістері. Тұндыру. Экстракция. Әсер етуші массалар заңы. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы, ерітінділердің рН-ын есептеу. Буфер ерітінділер. Аналитикалық химиядағы тотығу-тотықсыздану, комплексті қосылыстар. Катиондар мен аниондарға сапалық анализ. Органикалық қосылыстарды анықтау. Хроматографиялық анализ әдістері.
Құзыреттілік: зертханалық жағдайда химиялық эксперимент жүргізу дағдыларын меңгерген.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
FH 1207
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Қарым-қатынастың әлеуметтік саласы. Мен және менің отбасым. Адам және оның денсаулығы. Қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени саласы. Әлем картасы. Салт-дәстүрлер. Оқу және кәсіби қарым-қатынас саласы: Болашақ мамандық. Демалу Қазіргі үй. Қазіргі қоғамдағы отбасы. Мәдени және тарихи негіз. Білім. Менің мамандығым. Адам және табиғат, экологиялық мәселелер. Жаңалықтар, БАҚ, жарнама.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
ETD 1107
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл курс электрохимиялық үдерістердің негізгі механизмдерін дамытуға ықпал етеді. Болашақ мұғалімдер ғылымның сабақтас салаларынан алған білімдеріне сүйене отырып, энергия мен жүйелердің химиялық және электрлік түрлерінің өзара айналу заңдылықтарын, электрохимиялық аспаптар мен құрылғылардың жұмыс істеу қағидаттарын зерттейді. Курс иондық жүйелер, фазалардың ажыратылуы шегінде қуатталған бөлшектермен болатын үдерістер мен құбылыстар туралы білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: • нақты электрхимиялық үдерістерге білімді қолданады және есептеулер жүргізеді; • электрохимиялық құрылғыларда жұмыс істеу қағидаттарын түсінеді және жұмыс істей алады және тәжірибелік ақпаратты өңдейді; • электрхимиялық үдерістердің заңдылықтарын анықтайды.