7М01801 – Әлеуметтік педагогика білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
әлеуметтік-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге бейімделген, теория мен практиканы меңгерген, заманауи технологияларды қолданануға, инновациялық міндеттерді жүзеге асыруға кәсіби құзыретті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Әлеуметтік педагогика
7M01801
Педагогика және психология факультеті
Ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын меңгеру.
Мазмұны: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдылары. Академиялық мәтіндерді рәсімдеу түрлері. Академиялық мәтіндердің түсініктері, функциялары және жанрлары.
Құзыреттер: ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Әлеуметтік педагогика саласындағы эмпирикалық зерттеулерді жүргізуге қажетті теориялық және практикалық білім беру, деректерді жинау, талдау және интерпретациялау әдістерін қолданып, әлеуметтік педагогикадағы өзекті мәселелерді зерттеуге машықтандыру.
Мазмұны: Әлеуметтік педагогикадағы эмпирикалық зерттеулердің ұғымы және ерекшеліктері. Эмпирикалық зерттеулердің әдіснамасы. Сапалық және сандық зерттеу әдістері. Әлеуметтік педагогикада деректер жинау әдістері. Әлеуметтік педагогикадағы эксперименттік әдістер. Социометрия зерттеу әдісі ретінде. Эмпирикалық деректерді талдау және интерпретациялау. Зерттеулердің сенімділігі мен валидтілігі мәселелері.
Әлеуметтік тәуекел факторларын зерттеу. Балалар ұжымындағы әлеуметтік құбылыстарды зерттеу. Әлеуметтік педагогикада отбасы мәселелерін зерттеу. Әлеуметтік педагогикада болжам жасау және модельдеу. Диагностикалық әдістемелерді әзірлеу және апробациялау. Эмпирикалық зерттеулердің практикалық қолданылуы.
Эмпирикалық зерттеулер мен цифрлық технологиялар.
Құзыреттілігі: Эмпирикалық деректер негізінде әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды талдау дағдысы дамыған, әлеуметтік тәуекелдерді анықтау және олардың даму барысын болжауға қабілетті, Әлеуметтік педагогикалық факторлар арасындағы өзара байланыстарды анықтауға құзыретті, әлеуметтік педагогикалық міндеттерді шешу үшін деректерді өңдеу және интерпретациялау, сапалық және сандық талдаудың әдістерін меңгерген. Респонденттердің әртүрлі топтарымен кәсіби әрекеттесуге қабілетті.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат: Магистранттардың әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеде адвокация және медиация әдістерін қолдану дағдыларын дамыту, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау, қақтығысты жағдайларды шешу және барлық тараптар арасындағы келіссөздер мен конструктивті өзара әрекеттестік арқылы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Мазмұны: Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибедегі адвокация мен медиацияның ұғымы және мәні. Адвокация мен медиация негіздері: принциптері, әдістері және әлеуметтік-педагогикалық қызметте қолданылуы. Әлеуметтік осал топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы адвокация мен медиацияның рөлі. Адвокацияның әлеуметтік және құқықтық аспектілері: адам құқықтарын қорғау. Адвокация әдістері мен тәсілдері: әлеуметтік саясат пен тәжірибені өзгерту жолдары. Медиация процесі: қақтығысты анықтаудан келіспеушіліктерді шешуге дейінгі қадамдар. Әлеуметтік педагогтың медиация және адвокациядағы рөлі. Медиациядағы тиімді қарым-қатынас технологиялары: консенсусқа қалай қол жеткізуге болады. Балалармен және жастармен жұмыс кезіндегі адвокация мен медиацияның ерекшеліктері. Адвокация құралдары мен әдістері: лоббизм, науқан, мүдделерді қорғау.
Білім беру ортасындағы медиация: оқушылар, педагогтер және ата-аналар арасындағы қақтығыстарды шешу. Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеге адвокация мен медиацияны интеграциялау: қазіргі заманғы трендтер мен мәселелер. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста адвокация мен медиацияның тиімділігін бағалау: әдістер мен құралдар. Білім беру ортасындағы әлеуметтік саясатты жақсарту үшін адвокация стратегиясын әзірлеу. Медиация арқылы оқушылар арасындағы қақтығыстарды шешу бойынша практикалық жұмыс.
Құзыреттілігі: Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс аясында әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокация әдістерін қолданады, қақтығыстарды шешуде медиацияны жүзеге асырады, тараптар арасындағы консенсусқа қол жеткізу үшін түрлі әдістер мен техникаларды пайдаланады, білім беру ортасындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған адвокациялық науқандарды ұйымдастырады және өткізеді, медиация принциптері мен әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік-педагогикалық тәжірибеде қақтығыстарды шешу стратегияларын әзірлейді және іске асырады, әлеуметтік және педагогикалық әртүрлі жағдайларда адвокация мен медиацияны қолданудың тиімділігін бағалайды.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың цифрлық білім беру ортасында әлеуметтік-педагогикалық интервенцияларды талдау, жобалау және жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби білімдері мен дағдыларын дамыту, әлеуметтік – педагогикалық өзекті мәселелерін цифрлық ресурстар арқылы шешуге бағыттау.
Мазмұны: Әлеуметтік-педагогикалық интервенцияға кіріспе. Цифрлық дәуір және цифрландырудың білім беруге ықпалы. Әлеуметтік-педагогикалық интервенция әдістері мен стратегиялары. Білім берудегі цифрлық теңсіздік. Цифрлық алшақтықтың себептері мен салдары. Цифрлық технологиялардың психологиялық жағдайға әсері. Әлеуметтік желілерді пайдаланудың оң және теріс жақтары. Кибербуллингтің алдын алу және жоюға арналған интервенциялық бағдарламалар. Цифрлық білім беру ортасындағы этика және қауіпсіздік. Отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттесудің цифрлық трансформациясы. Инклюзивті оқытуға арналған цифрлық құралдар. Профилактика бағдарламалары және әлеуметтік-педагогикалық көмек. Медиасауаттылық әлеуметтік интеграция құралы ретінде. Цифрлық оқытуды әлеуметтік-педагогикалық қолдау. Интервенциялардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау. Цифрлық білім беру кеңістігіндегі заманауи мониторинг құралдары.
Құзыреттілігі: Білім беруді цифрландыру жағдайында туындайтын әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді талдауға қабілетті, қажеттіліктерді, тәуекелдерді анықтау және цифрлық білім беру ортасындағы интервенция бағдарламаларын жоспарлайды және іске асырады, қашықтықтан оқыту платформаларымен және мониторинг құралдарымен жұмыс жасау дағдылары дамыған, әлеуметтік-педагогикалық интервенцияларды диагностикалау және жобалау әдістерін меңгерген.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық процестер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіс намасы. ЖОО оқытушысын кәсіби құзыреттілігі, оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, МҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі менеджмент
13
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттардың әлеуметтік педагогика саласында дербес ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын дамыту, соның ішінде деректерді жинау, талдау және интерпретациялау, сондай-ақ зерттеу нәтижелеріне негізделген әлеуметтік-педагогикалық практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Мазмұны: Зерттеу практикасына кіріспе: мақсаттары, міндеттері және магистранттарды даярлаудағы рөлі. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердегі әдістер мен тәсілдер. Зерттеу жобасын әзірлеу: тақырып, гипотеза және зерттеу мақсаттарын тұжырымдау. Зерттеу әдістемесі: деректерді жинау және талдау әдістерін таңдау.
Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу: деректер жинау, сұхбат алу, сауалнамалар өткізу. Деректерді талдау және интерпретациялау: сапалық және сандық әдістер. Зерттеу жобасын ұсыну және қорғау: жұмысты рәсімдеу, қорғауға дайындық. Зерттеу нәтижелерінің негізінде әлеуметтік педагогикаға арналған ұсыныстар.
Құзыреттілігі: ғылыми зерттеудің әртүрлі әдістерін қолдануға, алынған нәтижелерді талдауға және ұсынуға қабілетті.
5
М(Д)ҒЗЖ
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру қабілеті мен практикалық дағдыларын дамыту
Мазмұны: ғылыми-зерттеу жұмысының жеке жоспарына сәйкес ғылыми жетекшінің тапсырмаларын орындау; ғылыми-зерттеу семинарларына, ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына қатысу; ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау; курстық жұмыстарды дайындау және қорғау, магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау.
Құзыреттілігі: әзірленетін мәселелерді шешу кезінде зерттеу және эксперимент жүргізу әдістемесін меңгеру.
5
ҒЗЖ қорғау
Мақсаты: магистрлік диссертация жазуға дайындық. Мазмұны: социогуманитарлық зерттеулерде қолданылатын қазіргі заманғы ІТ технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және патенттік әдебиеттерге талдамалық шолу. Зерттелетін тақырып бойынша түпнұсқа ғылыми ұсыныстар мен идеяларды тұжырымдау. Құзыреттер: өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұжымдарының құрамында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
9
ҒЗЖ қорғау
Мақсаты: магистрлік диссертация жазуға дайындық. Мазмұны: социогуманитарлық зерттеулерде қолданылатын қазіргі заманғы ІТ технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және патенттік әдебиеттерге талдамалық шолу. Зерттелетін тақырып бойынша түпнұсқа ғылыми ұсыныстар мен идеяларды тұжырымдау. Құзыреттер: өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұжымдарының құрамында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
5
М(Д)ҒЗЖ
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру қабілеті мен практикалық дағдыларын дамыту
Мазмұны: ғылыми-зерттеу жұмысының жеке жоспарына сәйкес ғылыми жетекшінің тапсырмаларын орындау; ғылыми-зерттеу семинарларына, ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстарына қатысу; ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау; курстық жұмыстарды дайындау және қорғау, магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау.
Құзыреттілігі: әзірленетін мәселелерді шешу кезінде зерттеу және эксперимент жүргізу әдістемесін меңгеру.
8
Магистрлік диссертация
Мақсаты: магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау.
Мазмұны: таңдалған білім беру бағдарламасы саласындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық дамуы. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысында таңдалған мамандықтың өзекті мәселесінің қолданбалы міндетін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және эксперименттік нәтижелерді қамтитын тәуелсіз зерттеу болып табылатын магистрлік диссертацияны көпшілік алдында ұсыну.
Құзыреттілігі: дайындық бағыты бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жүйелеу және оларды нақты ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуде қолдану
5
Тәжірибені қорғау
Магистранттың педагогикалық практикасы оқу процесінде алынған теориялық және практикалық білімді шоғырландыруға және кеңейтуге бағытталған. Оқу сабақтарын өз бетінше әзірлеу тәжірибесін іске асыру. Оқу сабақтарын өз бетінше өткізу, ұйымдастыру жұмысының тәжірибесін алу дағдыларын қалыптастыру. Кәсіби білім мен дағдыларды қолдануды талап ететін практикалық мәселелерді шешу тәжірибесін алу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
C1, C2 (тілдік мамандықтар) деңгейінде шет тілін меңгеру, монологтық және диалогтық нысанда LSP байланысы (есеп, презентация, әңгіме, дискуссия). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде зерттеу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды тыңдау. Ғылыми мақалалар, есептер, жобалар жазу, жобалау және т.б. Сөздіктермен, анықтамалықтармен жұмыс. Екі жақты аудармадағдылары.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат: Әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулерді жоспарлау, жүргізу, талдау үшін кешенді түсінік қалыптастыру, теориялық және практикалық ғылыми-зерттеу жұмысына дайындықты қамтамасыз ету.
Мазмұны: Әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулерге кіріспе. Пәнаралық тәсілдердің тарихы мен эволюциясы. Әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулердің әдіснамасы. Әлеуметтік педагогика пәнаралық сала ретінде. Әлеуметтік педагогиканың әлеуметтану, психология, мәдениеттану ғылымдарымен байланысы. Әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулердің түрлері мен кезеңдері. Құқықтық және этикалық нормалардың әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердегі рөлі. Әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулердің маңыздылығы. Әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулердің негізгі әдістері. Әлеуметтік педагогикада пәнаралық тәсілдерді қолдану. Отбасы, мектеп және қоғамның өзара әрекеттестігі әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеудің объектісі ретінде. Халықтың түрлі санаттарымен жұмыс жасау барысында пәнаралық зерттеулерді қолдану.
Құзыреттілігі: әлеуметтік педагогикадағы пәнаралық зерттеулердің теориясын меңгерген, практикада қолдану дағдысы дамыған, кәсіби міндеттерді шешу үшін әртүрлі ғылыми пәндер арасындағы өзара байланысты анықтауға қабілеті, әлеуметтік педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған пәнаралық жобаларды әзірлеу және іске асыруға қабілеті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: әлеуметтік-педагогикалық қызметте кәсіби этиканы қалыптастыру және педагогтер, тәрбиеленушілер, ата-аналар мен қоғам арасында үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған моральдық-этикалық нормаларды сақтау дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Әлеуметтік педагогикадағы деонтологияны мәні мен мазмұны. Деонтологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының тарихы. Әлеуметтік педагогикалық қызметтегі мораль және этика.
Педагогтің кәсіби этикасы: негізгі қағидалар мен нормалар. Кәсіби қарым-қатынасты құрудағы деонтологиялық нормалардың рөлі. Педагогтің оқушылармен өзара әрекеттесуіндегі этикалық қағидалар. Педагогтің ата-аналармен және әріптестермен жұмыс этикасы. Этика және мультимәдени орта: өзара әрекеттесу ерекшеліктері.
Педагогтің этикалық кодексі: құрылымы, мақсаттары және міндеттері. Педагогикалық практикадағы этикалық қақтығыстарды шешу. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы деонтология. Деонтологиялық нормалардың бұзылуы және олардың педагог үшін салдары. Әлеуметтік -педагогикалық этиканы қалыптастыру. Педагогикалық қызметтің деонтологиялық сараптамасы. Кәсіби деонтологияның қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен даму перспективалары.
Құзыреттілігі: Әлеуметтік- педагогикалық деонтологияның теориялық және практикалық меңгерген, Кәсіби этика мен моральдық нормаларды сақтау дағдылары дамыған, өзінің кәсіби деонтологиялық мәдениетін бағалау үшін өзін-өзі талдау құралдарын қолданады, әлеуметтік-педагогикалық тәжірибенің әртүрлі жағдайларына қолданылатын этикалық стандарттарды талдау және әзірлеу әдістерін қолдануға машықтанған.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Әлеуметтік-педагогикалық антропологиялық ғылыми негіздерін түсіндіру, әлеуметтік-педагогикалық антропологияның зерттеу нысаны адам дамуы мен әлеуметтену үдерісінің өзекті мәселелерін анықтап, адам табиғатының көптүрлілігі мен оның көріністерін ескере отырып, кәсіби дағдыларды дамыту.
Мазмұны: Әлеуметтік-педагогикалық антропологияға кіріспе. Әлеуметтік-педагогикалық антропологияның жеке пән ретінде қалыптасуы мен дамуы. Адам педагогикалық антропологияның объектісі және субъектісі ретінде. Тұлғаны әлеуметтендірудің антропологиялық негіздері. Әлеуметтік антропология және оның педагогикадағы маңызы. Педагогикалық антропологиядағы әлеуметтік рөлдер мен бірегейлік.
Девиациялар мен маргиналды топтардың антропологиясы. Глобализация және цифрландыру жағдайындағы адам.
Отбасының әлеуметтік антропологиясы. Этнопедагогика және халық мәдениетінің антропологиясы.
Әлеуметтік педагогикадағы антропологиялық диагностика. Инклюзивті ортаны құрудағы антропологиялық тәсіл.
Рухани дамудың контекстіндегі антропологиялық концепциялар. Әлеуметтік-педагогикалық антропологиядағы заманауи тенденциялар. Білім беру процесінің антропологиялық талдауы. Педагогикалық қызметте антропологиялық зерттеулер нәтижелерін практикалық қолдану.
Құзыреттілігі: Әртүрлі әлеуметтік-мәдени жағдайларда тұлғаның дамуының антропологиялық аспектілерін талдау қабілеті. Антропологиялық талдау әдістерін меңгерген, кәсіби дағдылары дамыған және оларды қызметінде қолдана алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттарға әлеуметтік-педагогикалық білім берудің әдіснамалық негіздері, оның ішінде негізгі тұжырымдамалар, қағидаттар және заманауи тәсілдер бойынша білім беру. Білім беру үдерісін талдау, жобалау және бағалауда әдіснамалық құралдарды қолдану қабілетін дамыту.
Мазмұны: Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің негізі ретінде диагностика әдіснамасы және әдістемесі. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің философиялық негіздері. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің тарихи даму кезеңдері. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі заманауи парадигмалар. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі зерттеу әдістері. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың қағидаттары. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық білім беру. Инклюзивті білім беру: әдіснамалық негіздері. Әлеуметтік педагогикадағы білім беру бағдарламаларын жобалау технологиялары. Әлеуметтік педагогтың кәсіби құзыреттілігі: құрылымы мен дамуы. Этнопедагогика және оның әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі әдіснамалық рөлі. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудегі инновациялық тәсілдер. Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің сапасын бақылау және бағалау. Шетелдегі әлеуметтік-педагогикалық білім беру: тәжірибе және перспективалар. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің этикалық негіздері.
Құзыреттілігі: Әлеуметтік-педагогикалық білім берудің әдіснамалық негіздері бойынша теориялық білімге ие,
алынған білімді кәсіби міндеттерді шешуде қолданады, педагогикалық диагностика, мониторинг және білім беру үдерістерін талдау әдістерін меңгереді, жұмыстың тиімділігін арттыру үшін инновациялық педагогикалық технологиялар мен құралдарды пайдаланады, мәселелерді анықтау және оңтайлы шешімдер іздеу мақсатында білім беру жағдайлары мен әлеуметтік құбылыстарды талдайды, этика және кәсіби нормаларды ескере отырып, педагогикалық қызметтің нәтижелерін бағалайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат: Магистранттардың инклюзивті білім берудің әлеуметтік-педагогикалық модельдерін әзірлеу, бейімдеу және енгізу бойынша теориялық және практикалық білім беру
Мазмұны: Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері. Инклюзивті білім берудің әлеуметтік-педагогикалық моделі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу әдіснамасы. Қазақстандағы және шетелдегі инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері. Инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы әлеуметтік серіктестік.
Әртүрлі қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру процесін дараландыру. Инклюзивті білім беру ортасында педагогтарды даярлау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасыларын қолдау әдістері мен технологиялары. Білім беру ортасында инклюзияны енгізудің кедергілері мен мәселелері. Инклюзивті білім беру процесінің тиімділігін мониторингтеу және бағалау. Инклюзивті орта жағдайында балалар мен олардың отбасыларын әлеуметтік-педагогикалық қолдау. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке білім беру траекториясын әзірлеу. Инклюзивті білім беру ортасында педагогтар, ата-аналар және мамандар арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыру. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуде бейімделген оқыту технологияларын қолдану.
Құзыреттілігі: Инклюзивті ортада білім беру қызметін ұйымдастыруда заманауи әдістер мен технологияларды қолдануға қабілетті. Әртүрлі санаттағы балалар үшін инклюзивті білім берудің вариативті модельдері мен технологияларын әзірлеуге және іске асырады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру процесінің сапасын диагностикалауды және бағалайды. Инклюзивті білім берудің вариативті модельдері мен технологияларын әзірлеу және жүзеге асырады. Инклюзивті ортаны тиімді құру үшін ата-аналармен, педагогтермен және салааралық мамандармен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттарды әртүрлі санаттағы халыққа, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға қолдау көрсетуге, қалпына келтіруге және бейімдеуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық реабилитация бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша білім, дағдылар мен қабілеттермен қамтамасыз ету.
Мазмұны: Әлеуметтік-педагогикалық реабилитологияның негіздері: ұғымы және негізгі қағидаттары. Әлеуметтік-педагогикалық контексттегі реабилитацияның даму тарихы. Реабилитациялық қызметтің құқықтық және этикалық негіздері. Реабилитацияны қажет ететін халық санаттары: ерекшеліктері мен қажеттіліктері. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды реабилитациялаудың әлеуметтік-педагогикалық тәсілдері. Әлеуметтік-педагогикалық реабилитацияның әдістері мен технологиялары. Реабилитация үдерісіндегі отбасының рөлі: ата-аналарға әлеуметтік-педагогикалық қолдау. Реабилитациялық үдерістің кезеңі ретінде әлеуметтік бейімделу.
Денсаулығында шектеулері бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету. Реабилитация үдерісіндегі пәнаралық өзара әрекеттестік. Білім беру ортасындағы реабилитация: бағдарламалар мен стратегиялар. Әлеуметтік-педагогикалық реабилитациядағы инновациялық технологиялар. Реабилитациялық бағдарламалардың тиімділігін диагностикалау және бағалау. Білім беру мекемелерінде реабилитациялық бағдарламалардың тиімділігін диагностикалау мен жоспарлау. Әлеуметтік-педагогикалық реабилитологияның даму перспективалары мен үрдістері.
Құзыреттілігі: Әртүрлі санаттағы халыққа, соның ішінде балаларға, жасөспірімдерге, денсаулығында шектеулері бар адамдарға және осал топ өкілдеріне арналған әлеуметтік-педагогикалық реабилитация бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруда кәсіби құзыретті. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемелерін, әлеуметтік бейімделуге кедергі келтіретін факторларды анықтау және реабилитанттың жеке ерекшеліктерін талдау дағдыларын меңгерген, реабилитациялық міндеттерді шешуге кешенді тәсілді қамтамасыз етуге қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсат: Магистранттардың әлеуметтік педагогикадағы кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті өзін-өзі басқару және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту, соның ішінде уақытты, стрессті, кәсіби ресурстарды және коммуникацияны басқару арқылы өзгермелі білім беру ортасында қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Мазмұны: Әлеуметтік-педагогикалық селф-менеджментке кіріспе. Селф-менеджмент теориясының негіздері.
Уақытты басқару (тайм-менеджмент). Педагогтің кәсіби ресурстарын қолдану және сақтау. Эмоционалдық жағдайды басқару және ресурстарды қалпына келтіру. Селф-менеджменттегі коммуникациялық аспектілер.
Жеке және кәсіби даму жоспарларын әзірлеу. Кәсіби жүктемені басқару. Селф-менеджмент құралдары.
Рефлексия және өзін-өзі бағалау. Селф-менеджмент арқылы көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Кәсіби қажу профилактикасы. Әлеуметтік-педагогикалық селф-менеджменттегі инновациялар. Этика және селф-менеджмент. Селф-менеджмент стратегиясы.
Құзыреттілігі: Селф-менеджментті меңгерген, өз уақытын және міндеттерді тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру дағдысын игерген. Мақсат қою және басымдықтарды басқаруға машықтанған. Әріптестермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен тиімді өзара кәсіби қарым-қатынасқа түсуге қабілетті. Әлеуметтік -педагогикалық қақтығысты жағдайларды шешуде кәсіби лидерлік дағдылары дамыған. Өзіне есеп беру, тұлғалық жетілу, кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалауға қабілетті. Мақсаттарға қол жеткізу үшін мотивацияны сақтау қабілетті. Қызметті жүзеге асыру кезінде этикалық нормаларды сақтау мәдениеті қалыптасқан.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттарға білім беру ортасында әлеуметтік мәселелерді шешуге, білім беру сапасын арттыруға және қоғамның тұрақты дамуына ықпал етуге бағытталған әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және жүзеге асыру бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны: Әлеуметтік кәсіпкерліктің білім беру ортасындағы ұғымы және мәні. Әлеуметтік кәсіпкерліктің тарихы мен дамуы: әлемдік және қазақстандық контекст. Білім беру саласындағы әлеуметтік мәселелер және оларды кәсіпкерлік тәсілдермен шешу. Білім беру саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі модельдері мен формалары. Әлеуметтік кәсіпкерліктің тұрақты білім беру процесін қалыптастырудағы рөлі. Білім беру жобаларының әлеуметтік миссиясы: идеядан іске асыруға дейін. Әлеуметтік кәсіпкерліктің этикалық және құқықтық аспектілері. Әлеуметтік кәсіпкерліктегі жобаларды басқару: кезеңдер және технологиялар. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыру: инвестициялар іздеу және тұрақтылық. Әлеуметтік білім беру бастамаларын жүзеге асырудағы инновациялық технологияларды қолдану. Білім берудегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың құралы ретінде цифрландыру. Әлеуметтік білім беру жобаларының тиімділігін мониторингтеу және бағалау. Әлеуметтік жобаларға мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуы: білім берудегі құндылығы. Білім беру ортасындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі кедергілер мен қиындықтар. Қазақстанның білім беру жүйесінде әлеуметтік кәсіпкерліктің даму перспективалары.Құзыреттілігі: мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын бағалауды әзірлейді және жүзеге асырады, шешімдер қабылдайды және кәсіби қызмет нәтижелеріне жауап береді.
Құзыреттілігі: Білім беру ортасындағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін заманауи тәсілдер мен әлеуметтік кәсіпкерліктің модельдерін қолданады, білім беру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын әзірлеу және іске асырады. Әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдары, қауымдастықтар және инвесторлар сияқты мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесуді ұйымдастырады. Әлеуметтік жобалардың нәтижелерін бағалау және мониторинг жүргізу үшін талдау әдістері мен тұрақты басқару тәсілдерін қолданады. Әлеуметтік білім беру жобаларын құру және кеңейту үшін инновациялық және цифрлық технологияларды пайдаланады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттарда білім беру ортасындағы әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстарды анықтау, талдау және алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз және үйлесімді білім беру ортасын құруға ықпал ететін тиімді профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша қажетті теориялық және практикалық білім беру.
Мазмұны: Білім беру ортасындағы әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстар: ұғымы және жіктелуі. Білім беру ұйымдарында әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстардың туындауына әсер ететін факторлар. Білім беру ортасындағы әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстарды диагностикалау әдістері. Оқушылар арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу. Қақтығыстарды басқарудағы әлеуметтік педагогтың рөлі. Қақтығыс жағдайында білім беру процесіне қатысушыларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету. Әлеуметтік-педагогикалық тәжірибедегі конфликтология: қақтығыстар түрлері және оларды шешу жолдары. Әлеуметтік серіктестік – әлеуметтік қауіптердің алдын алу құралы ретінде. Білім беру ұйымындағы дағдарысты басқару: қағидаттар мен стратегиялар. Қауіпсіз білім беру ортасын құру: модельдер мен технологиялар. Білім берудегі әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстарды басқарудың құқықтық аспектілері. Медиация және келіссөздер – қақтығыстарды шешу құралы ретінде. Этикалық нормалар және олардың білім беру ортасындағы қақтығыстардың алдын алудағы рөлі. Профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және білім беру ортасында оларды жүзеге асыру. Әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстардың алдын алу шараларын ұйымдастыру әдістері.
Құзыреттілігі: Диагностикалық әдістер негізінде білім беру ортасындағы әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстарды анықтау және талдауға қабілетті. Білім беру ұйымдарында қақтығыстар мен әлеуметтік қауіптердің алдын алуға арналған заманауи технологиялар мен әдістемелерді қолдану. Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құру бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар ұйымдастырады, әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстарды жоюға немесе деңгейін төмендетуге ықпал етеді, әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстарды алдын алуға және оларды реттеуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қолдау және медиация бағдарламаларын іске асырады. Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау және әлеуметтік қауіптер мен қақтығыстармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: тұлғалық кәсіби жетілу, даму мәселелерін акмеологиялық тұрғыдан зерттеу және білім алушыларға осы саладағы теориялық және практикалық дағдыларды меңгерту.
Мазмұны: Акмеологияның ғылым ретіндегі қалыптасуы және дамуы. Білім беру акмеологиясының пәні, мақсаты, міндеттері және қызметі. Акмеологияның психология және педагогика пәндерімен байланысы. Жеке тұлғаның кәсіби дамуындағы акмеологиялық кезеңдер. Жетістіктердің шыңы – акме феномені: теория және практиканың байланысы. Әлеуметтік өзгерістерге бейімделудегі акмеологияның рөлі. Педагогтің кәсіби шеберлігі мен акмеологиялық мәдениеті. Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен жетілуі: акмеологиялық тәсілдер. Білім беру ұйымдарының акмеологиялық ортасын қалыптастыру. Акмеологиядағы мотивация және мақсат қоюдың рөлі. Кәсіби деформацияның алдын алу: акмеологиялық әдістемелер. Тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту акмеологиясы. Акмеологиялық диагностика және жеке даму бағдарламалары. Жеке және кәсіби жетістіктерге жету жолындағы акмеологиялық стратегиялар. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіру үдерісіндегі акмеологиялық әдістер.
Құзыреттілігі: Тұлғаның кәсіби және жеке дамуының акмеологиялық негіздерін біледі, кәсіби даму стратегияларын жоспарлауға және өзін-өзі жетілдіруге қабілеті, кәсіби деформацияның алдын алу және мотивацияны арттыру және акмеологиялық диагностика әдістерін қолданады, кәсіби және тұлғалық даму деңгейін бағалайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Білім беру үдерісін жақсарту үшін шығармашылық және инновациялық шешімдер табуға бағытталған ойлау дизайн дағдыларын дамыту.
Мазмұны: Білім берудегі ойлау дизайны пәнінің мәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Ойлау дизайнының эволюциясы. Білім берудегі ойлау дизайнының принциптері, құрылымы мен қызметі. Білім берудегі ойлау дизайн пәнінің салааралық пәндермен байланысы. Ойлау дизайнындағы креативтілік пен инновацияның рөлі. Оқыту стратегиялары мен ойлау дизайн тәсілдерінің интеграциясы. Ойлау дизайндағы экожүйе. Адамға бағытталған оқытудағы ойлау дизайнының түрлері. Білім берудегі ойлау дизайнының негізгі кезеңдері: эмпатия, анықтау, идеялар генерациясы, прототиптеу және тестілеу. Білім берудегі ойлау дизайнының әдістері мен құралдары. Ойлау дизайнын өмірдің барлық салаларында қолдану мүмкіндігі. Дизайн-ойлау технологиясы білім берудегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу құралы ретінде. Білім берудегі қиындықтар мен мәселелерді ойлау дизайны арқылы шешудің жолдары. Білім беру саласындағы практикалық ойлау дизайн әдістерін енгізу және қолдану. Білім беру нәтижелерін бағалау мен оларды ойлау дизайны арқылы жетілдіру әдістері.
Құзыреттілігі: Білім берудегі ойлау дизайны пәнінің мәні, мазмұны, мақсаты мен міндеттерін игерген, ойлау дизайны эволюциясын біледі, принциптерін меңгерген, ойлау дизайның стратегиясын құра алады, ойлау дизайн әдістерін тиімді қолданады
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Денсаулық түрлерімен таныстыру, әлеуметтік-педагогикалық қызметте білім алушылардың денсаулығын сақтау, нығайту және дамытуға бағытталған теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға қолайлы жағдай жасау.
Мазмұны: Денсаулық ұғымы, түрлері және оның компоненттері: физикалық, психикалық, әлеуметтік және рухани денсаулық. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің рөлі. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудың әлеуметтік-педагогикалық әдіснамасы. Денсаулыққа кері әсер етуші факторлар.Денсаулықты сақтау тұжырымдамалары: отандық және халықаралық тәжірибе. Білім алушылар арасында зиянды әдеттер мен тәуелділіктердің алдын алу бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. Білім беру мекемелеріндегі денсаулықты сақтау бағдарламалары. Білім беру жүйелерінде жастардың денсаулықты сақтау мәдениетін әлеуметтік-педагогикалық қызмет арқылы қалыптастыру. Білім беру жүйесінде денсаулықты сақтаудың әлеуметтік-педагогикалық технологиялары. Денсаулығы әлсіреген балаларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау. Денсаулықты сақтауға бағытталған білім беру ортасын құру: әдістер мен тәсілдер. Мұғалімдер, ата-аналар және мамандар арасында денсаулықты нығайту бойынша пәнаралық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру. Білім алушылардың денсаулығын диагностикалау және мониторинг жүргізу: әдістер мен құралдар. Білім беру ортасындағы денсаулықты сақтау шаралар ұйымдастыру және тиімділігін бағалау. Денсаулықты нығайту бойынша әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі перспективалар мен инновациялар.
Құзыреттілігі: Денсаулық түрлерін және денсаулыққа зиян факторларды біледі, олардың әсерін анықтайды және оларды азайту мен алдын алу стратегияларын әзірлейді, қызметінде денсаулықты сақтау технологияларын қолданады, білім алушылар, кәсіби мамандар және ата-аналар арасында денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады, білім алушылардың денсаулық жағдайын диагностикалайды және мониторинг жүргізеді, білім беру ортасында әртүрлі жас топтарына арналған денсаулықты сақтау бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: кәсіби білім берудің сапасын арттыру үшін білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен, мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен тиімді өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік серіктестік саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Мазмұны: Кәсіби білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің ұғымы және мәні. Әлеуметтік серіктестіктің дамуының тарихи аспектілері. Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік серіктестіктің құқықтық негіздері. Әлеуметтік серіктестіктің субъектілері: олардың рөлі мен функциялары. Әлеуметтік серіктестіктің модельдері мен түрлері: отандық және халықаралық тәжірибе. Білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу формалары. Дуальды оқыту – әлеуметтік серіктестіктің құралы ретінде. Білім алушылардың тәжірибеден өтуін және практикалық даярлығын ұйымдастыру. Құзырет орталықтары және олардың серіктестікті дамытудағы рөлі. Жұмыс берушілердің білім беру бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеуге қатысуы. Әлеуметтік серіктестік және еңбек нарығының қажеттіліктерін болжау. Серіктестіктің тиімділігін мониторингтеу және бағалау. Әлеуметтік серіктестікті іске асырудағы негізгі кедергілер мен мәселелер. Әлеуметтік серіктестікті дамытудағы инновациялық технологиялар.
Кәсіби білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің даму перспективалары мен жолдары.
Құзыреттілігі: Кәсіби білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің мәні мен құрылымын біледі. Әлеуметтік серіктестік субъектілерінің рөлі мен қызметін талдайды және бағалайды. Білім беру ұйымдарының сыртқы серіктестермен өзара әрекеттестік стратегияларын әзірлеуде кәсіби дағдылынған. Серіктестікке қатысушылар арасында тиімді коммуникацияны құру және қолдау әдістерін меңгерген.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттардың урбанизация мен миграцияның әлеуметтік салдарын талдауға қажетті білімдерін, дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ қалалық орта жағдайында халықтың әртүрлі санаттарын қолдауға және интеграциялауға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық стратегияларды әзірлеу және жүзеге асыру.
Мазмұны: Урбанизация мен миграция: әлеуметтік-педагогикалық жұмысқа әсері. Қалалық қауымдастықтар үшін урбанизацияның әлеуметтік және мәдени салдары. Қалалық ортада мигранттардың әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері. Урбанизацияның әлеуметтік қауіп-қатерлері мен шақырулары: кедейлік, оқшаулану, маргинализация. Мигрант отбасыларынан шыққан балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету. Мигранттар мен қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін диагностикалау: тәсілдер мен әдістер.
Қауымдастықтар арасындағы қақтығыстарды шешуде медиативті технологияларды қолдану. Қалалық ортада мигрант отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету. Әлеуметтік серіктестік: үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ), мемлекеттік құрылымдармен және қауымдастықтармен өзара әрекеттесу. Урбанизацияның білім беру және тәрбиелеу жүйесіне әсері. Миграция жағдайында әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың перспективалары мен инновациялары. Мигранттарды білім беру ортасына интеграциялау бойынша әлеуметтік жобаны әзірлеу және іске асыру. Мектеп оқушылары мен педагогтар арасында толеранттылықты қалыптастыруға арналған тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру. Мигрант отбасыларының әлеуметтік қауіп-қатерлері мен қажеттіліктерін диагностикалау. Көпұлтты мектеп қауымдастықтарындағы қақтығыстардың алдын алуға арналған іс-шаралар стратегиясы мен тактикасы.
Құзыреттілік: Урбанизация және миграциямен байланысты әлеуметтік үдерістерді талдау және олардың білім беру мен әлеуметтік ортаға әсерін бағалауға қабілетті, мигранттар мен қалалық қауымдастықтарды бейімдеу және интеграциялау үшін заманауи әдістер мен технологияларды қолданады, урбанизация және миграция жағдайларында әлеуметтік-педагогикалық қауіптерді диагностикалау және оларды азайту стратегияларын әзірлейді. Мигранттарға қолдау көрсетуге және қалалық білім беру ортасын дамытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады.