8D031- Әлеуметтік ғылым (Аймақтану) Білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы
еліміздің даму перспективаларына сай, еңбек нарығында талап етілетін жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау;
гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімді қалыптастыру және оларды ғылыми-педагогикалық қызметте қолдану
кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар шеберлердің негізгі және арнайы құзыреттерін қалыптастыру;
Аймақтану
8D03110
Тарих және құқық факультеті
Ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курс академиялық мәтіндерді, оның ішінде ғылыми мақалаларды, диссертацияларды, аналитикалық есептерді дайындау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттер IMRAD ғылыми басылымдарының халықаралық құрылымын (Кіріспе, Әдістер, Нәтижелер, Талқылау) меңгереді. Докторанттар халықаралық журналдардың (Q1–Q3) талаптарына сәйкес мәтіндерді қарау, редакциялау және дайындау дағдыларын меңгереді. Курс жариялау стратегияларын талдайды және рецензиялау және ғылыми рецензия жазу элементтерін әзірлейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің мақсаты – докторанттың ғылыми зерттеуді жобалау және жүзеге асыру барысында қолданылатын әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру. Курс аясында ғылыми таным логикасы, зерттеу парадигмалары мен дизайндарын меңгеру қарастырылады. Аймақтық үдерістерді талдауға бейімделген сандық, сапалық және аралас әдістерді сын тұрғысынан таңдай білуге баса назар аударылады. Сонымен қатар, академиялық адалдық (Research Integrity), ашық ғылым қағидаттары (Open Science, FAIR) және трансдисциплинарлық тәсілдер аясында әдіснамалық жаңашылдық қабілеттері дамытылады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
«Ғылыми зерттеулердің әдістері» пәні педагогикалық зерттеулерді жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастырады. Курс бағдарламасы докторанттарды ғылым мен білім философиясының заманауи мәселеріне бағыттайды. Зерттеу жүргізудің әдіснамалық негіздерін, зерттеудің логикалық құрылымын, теориялық, эмпирикалық, математикалық-статистикалық әдістерін практикалық жолмен игертуді, зерттеу нәтижелерінің шынайлығын дәйектеуге дағыдаландыруды, зерттеушінің әдеп қағидаларын меңгертуді, мәселенің өзектілігін дәлелдеуді, үздіксіз кәсіби өсу, өзін-өзі дамыту және өзінің ғылыми идеяларын генерациялау қабілетін қалыптастыруды көздейді.
7
М(Д)ҒЗЖ
Докторанттың ғылыми тағылымдамасы әлемдік ғылымның соңғы жетістіктерін игеру, белгілі бір ғылым саласында ғылыми, кәсіптік қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Тағылымдама кезінде докторант шетелдік ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен диссертацияда жұмыс істейді, ғылыми әдебиеттерді, зерттеу материалдарын оқиды.

3
М(Д)ҒЗЖ
Мақсаты: докторанттарды диссертациялық жұмыстың негізгі талаптары мен түрлерімен таныстыру.<br/> Мазмұны: докторлық диссертацияның тақырыбын анықтау. Докторанттың жеке жоспарын және диссертацияның ғылыми аппаратын құрастыру. Диссертация жұмысының жоспарын әзірлеу. Негізгі әдебиеттерді таңдау және талдау. Докторанттың ғылыми есебін құру және қорғау.<br/> Құзіреттілік: зерттелетін тақырыптың өзектілігін анықтау, диссертация тақырыбы бойынша қазіргі заманғы жетекші ғылыми үрдістерді талдау, жалпылау.
4
ҒЗЖ қорғау
Ғылыми-зерттеу жұмысы, сонын iшiнде Ғылыми семинар 2
3
М(Д)ҒЗЖ
Ғылыми-зерттеу жұмысы, сонын iшiнде Ғылыми семинар 4
5
М(Д)ҒЗЖ
Ғылымометриялық мәліметтер базасындағы басылымдарға шолу. WoS және Scopus ғылыми дерекқорларымен танысу.Басылымды дайындаудың негізгі кезеңдері. Ғылыми журналды таңдау. Мақаланы дайындау. Scopus және Web of Science индекстелген мақалаларға қойылатын талаптар. IMRAD мақаласының құрылымы.
13

Музыкалық білім беру саласындағы ғылыми жарияланымдардың түрлері, БҒСБК ұсынған журналдардың критерийлері және ғылыми стильдің негіздері. Музыкалық педагогика саласындағы зерттеу тақырыптары, жанрлық ерекшеліктері, аннотацияларды, түйінді сөздерді дайындау және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, сілтемелерді дұрыс ресімдеу.

2
М(Д)ҒЗЖ
Халықаралық конференция материалдарында жариялау. Халықаралық ғылыми платформада ғылыми нәтижелерді ұсыну дағдыларын дамыту, басқа елдердің ғалымдарымен тәжірибе алмасу. Музыкалық білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар дайындау және ұсыну. Халықаралық конференцияларда талқылаулар мен пікірталастарға қатысу, музыкалық педагогика саласындағы жетекші сарапшылардан кері байланыс алу.

12
М(Д)ҒЗЖ
Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде тағылымдамадан өту және докторлық диссертацияны орындау. Ғылыми семинар Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар. Thomson Reuters, Scopus базасына енетін жарияланымдар. БҒСБҚ ұсынатын мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар

9

18
М(Д)ҒЗЖ
Заманауи зерттеу әдістері негізінде өзіндік ғылыми зерттеу жүргізу. Зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдау және тиімді пайдалану. Өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау, ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өз білімдері мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау.
4
М(Д)ҒЗЖ
Мақсаты: ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және патенттік әдебиеттерге талдау жасау. Әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерде қолданылатын қазіргі ІТ технологиясын қолдана отырып жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұжымдарының құрамындағы жұмыстың құзыреттілігі мен дағдыларын игеру мақсатында зерттелетін тақырып бойынша бірегей ғылыми ұсыныстар мен ғылыми идеяларды әзірлеу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты – докторанттардың жаһандық тұрақсыздық жағдайында Орталық Азиядағы өзгерістерді талдау үшін теориялық-аналитикалық құрылымдарды өз бетінше құрастыра алуын және оларды пәнаралық тұрғыдан сараптау қабілетін қалыптастыру. Курс Орталық Азияны постимпериялық және геосаяси кеңістік ретінде қарастырады. Онда бірегейлік, мәдени және интеграциялық үдерістер, сондай-ақ АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия секілді жаһандық акторлардың стратегиялары мен осы кеңістіктегі репрезентация саясаты зерттеледі. Халықаралық қатынастардың заманауи теорияларын, сыни аймақтануды меңгеруге және жариялау әлеуеті бар жеке ғылыми жобаны әзірлеуге ерекше назар аударылады.
5
Ғылыми-зерттеу практикасы
Соңғы теориялық, әдістемелік және отандық және шетелдік ғылымның технологиялық жетістіктері,зерттеудің заманауи әдістері. Өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы аясында эксперименттік зерттеулер жүргізеді, математикалық статистика әдістерін және ғылыми танымның басқа әдістерін қолданады. Деректерді өңдеу, талдау және нәтижелерді нақтылау. Ғылыми-әдістемелік семинар аясында зерттеу тақырыбы бойынша сөз сөйлеу.
12
Докторлық диссертация
Магистратурада оқу деңгейіне тән академиялық және ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын, ғылыми пікірталас жүргізу, зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша қызметтің әртүрлі нысандарында ұсыну қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Курс Орталық Азиядағы әлеуметтік-мәдени және демографиялық үдерістерді тұрақты даму контексінде зерттеуге бағытталған. Негізгі тақырыптар көші-қон, урбанизация, тілдік және діни саясат, климаттық сын-қатерлер, цифрлық және гендерлік теңсіздік мәселелерін қамтиды. Докторанттар SWOT, PESTEL, сценарийлік талдау (scenario-building), мүдделі тараптар талдауы (stakeholder analysis) және саяси олқылықтарды анықтау әдістерін (policy gap analysis) меңгереді. Сонымен қатар, олар аймақтық деректер мен халықаралық платформаларға сүйене отырып, policy brief әзірлеу аарқылы аналитикалық жазбалар дайындау дағдыларын қалыптастырады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Орталық Азия өңірінің демографиялық болжамдарының міндеттері. Демографиялық болжамдардың жіктелуі. Орталық Азия өңірі халқының жалпы санын болжау. Халықтың жыныстық-жастық құрылымын болжау. Халықты перспективалы есептеу әдістері: математикалық функцияларды қолдануға негізделген әдістер, экстраполяциялық әдіс, аналитикалық әдіс, жасты жылжыту әдісі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Бұл курс докторанттардың Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатына қатысты дереккөздер мен нарративтерге сыни талдау жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Зерттеу корпусына библиографиялық жарияланымдар жүйесі – көрсеткіштер, дерекқорлар, талдамалық шолулар мен академиялық әдебиет кіреді. Докторанттар геосаясат, қауіпсіздік, энергетика, радикализм, су және көлік ресурстары, мәдени байланыстар секілді тақырыптық кластерлерді дереккөздік, дискурсивтік және салыстырмалы әдістер арқылы зерттейді.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Орта Азияныңың қоғамдық-саяси жүйесінің негізгі сипаттамалары мен деңгейлері, азаматтық қоғамның қазіргі проблемалары, заманауи қоғам проблемаларын шешу үшін жеке мүмкіндіктерін қолдану аясын анықтау. Қоғамдағы азаматтық құқықтар мен міндеттер кешенін зерделеу, ОА мен аймақтық халықаралық өзара қарым-қатынастарды дамытуға ықпал еткен факторлардың мәнділігін практикада өз білімі мен іскерлігін қолдану; Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық өзара іс-қимыл және халықаралық қатынастары тарихындағы негізгі оқиғалар.
5
Педагогикалық практика
Оқу барысында алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту. Оқу-әдістемелік жұмыста дағдыларды меңгеру. Докторанттардың әлеуметтік пәндер бойынша жоғары оқу орындарының оқытушылары ретінде кәсіби дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Эмпирикалық зерттеулердің аналитикалық құралдары және теорияларды тәжірибеде қолдану. Алған теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте бекіту. Әлеуметтану теориясының негіздері мен әлеуметтанулық зерттеу әдістері бойынша негізгі және кәсіби профильді білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдана білу.
3
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәннің негізгі мақсаты Орталық Азия елдері туралы материалдық және жазбаша деректерді талдау. Деректердің хронологиялық реттілігін сақтау, салыстыру, нақтылау және талдай отырып баяндау тәсілдерін қолдану. Ғылыми зерттеулер мен археологиялық, мұрағат деректерін қолдану жолдарын үйрету және сол арқылы тарихи оқиғаларға сипаттама беру, жеке тұлғаларға саяси портрет жасауды үйрену. Деректердің нақтылығын дәлелдеу.