Педагогика ғылымдарының магистрі
Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім беру аясындағы терең іргелі білімді, кәсіби біліктерді, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуге, инновациялық кәсіби әрекетке қажетті қызмет тәжірибесін игерген магистрлер даярлау.
Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім
7M01303
Педагогика және психология факультеті
Ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
13
Тәжірибені қорғау
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді өз бетімен жүзеге асыру қабілеттерін, практикалық дағдыларын дамыту. <br/> Мазмұны: бекітілген ҒЗЖ жеке жоспарына сәйкес ғылыми жетекшінің тапсырмаларын орындау; ғылыми-зерттеу семаинарлары, ғылыми конференцияларға қатысу; ҒЗЖ бойынша байқауларға қатысу; ғылыми мақалаларды әзірлеу және жариялау; курс жұмыстарын дайындау және қорғау. <br/> Құзыреттіліктер: зерттеу әдістемесін меңгеру, әзірленген мәселелерді шешуде эксперимент жүргізу.
8
Магистрлік диссертация
Мақсаты: магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау. <br/> Мазмұны: Өз бетімен жүргізген зерттеулерінен, теориялық, эксперименталды нәтижелерден тұратын, таңдап алған өзекті мәселесі бойынша қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін магистрлік диссертацияны Мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында көпшілік алдына ұсыну.<br/> Құзыреттіліктер: даярлау бағыты бойынша теориялық білім, практикалық біліктерді жүйелеу, оларды нақты ғылыми, қолданбалы міндеттерді шешуде қолдану.
9
ҒЗЖ қорғау
Мақсаты: өз бетімен ғылыми зерттеулер жүргізу қабілеттері мен практикалық біліктерді дамыту. <br/> Мазмұны: Бекітілген ҒЗЖ жеке жоспарына сай ғылыми жетекшінің берген тапсырмаларын орындау; ғылыми-зерттеу семинарларына, ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысу; ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсына қатысу; ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау; курс жұмыстарын дайындау және қорғау, магистрлік диссертацияны дайындау және қорғау. <br/> Құзыреттіліктер: тұжырымдалған мәселені шешуде зерттеу және эксперимент жасау әдістемесін игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттардың академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын меңгеру.
Мазмұны: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдылары. Академиялық мәтіндерді рәсімдеу түрлері. Академиялық мәтіндердің түсініктері, функциялары және жанрлары.
Құзыреттіліктер: Ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттардың басқару психологиясының әдіснамалық және теориялвқ негіздерімен қарулануы және оларды зерттеушілік әрекетте және психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдана алуы.
Мазмұны: Басқару әрекетінің заңдылықтары жайлы психология. Басқару әрекетінің шарттары, ерекшеліктері. Басқарушылық ішкі жүйенің ерекшеліктері мен жәйіне диагностика және болжам жасау; бағыныштылардың әрекет бағдарламаларын қалыптастыру; шешімді орындауды ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттері. Диагностикалық құралдарды дайындау, басшыларды даярлаудың белсенді әдістерін, басқарушылық кеңес беруді жасау түріндегі тәжірибелік жүзеге асыру. Құзыреттіліктер: басқарушылық әрекеттердің тиімділігін және сапасын көтеру мақсатымен басқарушылық әрекеттердің психологиялық шарттары мен сипаттамасын талдау.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, кіші мектеп жасындағы балаларға әдебиеттік білім беру үдерісін жобалауға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Кіші мектеп жасындағы оқушыларға әдебиеттік білім беруді жобалаудың нормативтік-құқықтық негіздері. Әдебиеттік оқу бойынша пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелерінің ерекшеліктері. Әдебиеттік оқу бойынша жұмыс бағдарламаларын жобалау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әдебиеттік білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін педагогикалық технологияларды іріктеу. Білім беру қызметін ұйымдастыру формаларын, білім алушылардың нәтижелерін бақылау мен бағалауды жобалау. Әдебиеттік оқу сабақтарының әр типтері мен түрлерін жобалау тәсілдемелері.
Құзыреттіліктер: Нақты әдістемелік міндеттерді шешу үшін әдебиеттік оқуды оқытудың заманауи тұжырымдамаларын қолданудың отандық және шетелдік тәжірибесін жүйелеуге, таратуға және жалпылауға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Бастауыш мектептің педагогикалық ғылымының өзекті мәселелері жайлы түсінік.
Мазмұны: Білімнің негізгі беталыстары, мәселелері мен даму перспективалары. Білім беру жүйесінің мектепке дейінгі және бастауыш деңгейлері арасындағы сабақтастық. Бастауыш білім берудің әдіснамалық мәселелері. Білім беруді жаһандандыру, , интернационализациялау және оңтайландыру. Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту.
Құзыреттіліктер: Білім берудің әлемдік беталыстарын қолдану; заманауи білім беру парадигмаларының мәселелері мен даму перспективаларын анықтай алу; ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастырудың негіздерін игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарын ескере отырып, бастауыш тілдік білім беру үдерісін жобалау үшін қажетті құзыреттерді меңгерту.
Мазмұны: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тілдік бастауыш білім беруді жобалаудың ғылыми және нормативтік-құқықтық негіздері. Тілдік бастауыш білім беру бойынша жоспарланатын пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелердің ерекшеліктері. Тілдік бастауыш білім беру бойынша жұмыс бағдарламаларын жобалау. Тілдік бастауыш білім беру жұмыс бағдарламаларын жүзеге асыру үшін педагогикалық технологияларды іріктеу. Білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, оқушылардың нәтижелерін бақылау мен бағалауды жобалау. Тілдік бастауыш білім беру сабақтарының әр түрлерін жобалаудың тәсілдемелері.
Құзыреттіліктер: Тілдік бастауыш білім беру білім бағдарламаларын жобалау мен жүзеге асыруға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту аспектісіндегі білім беру үдерісін жобалауға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Өмірге бейімділік. Өміршеңдік. Өміршеңдіктң компоненттері. Өзін-өзі бағалау. Әлеуметтік біліктер мен дағдылар. Қарым-қатынас дағдылары. Танымдық дағдылар. Оқу іс-әрекетін өзін-өзі реттеу дағдылары
Құзыреттіліктер: Көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту аспектісіндегі білім беру үдерісін жобалауға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Қөпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушыларға сөйлеуді дамыту үдерісін жобалауға қажетті құзыреттерді меңгерту.
Мазмұны: Көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың сөйлеуін дамытуды жобалаудың ғылыми негіздері. Көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың сөйлеуін дамытуды жобалаудың нормативтік-құқықтық негіздері. Білім алушылардың сөйлеуін дамыту бойынша жоспарланатын пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелерінің ерекшеліктері. Білім алушылардың сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс бағдарламаларын жобалау. Білім алушылардың сөйлеуін дамыту үдерісін жүзеге асыру үшін педагогикалық технологияларды іріктеу. Білім беру қызметін ұйымдастыру формаларын, білім алушылардың нәтижелерін бақылау мен бағалауды жобалау. Білім алушылардың сөйлеуін дамытуға арналған сабақтың әр типтері мен түрлерін жобалау тәсілдемелері.
Құзыреттіліктер: Нақты әдістемелік міндеттерді шешу үшін білім алушылардың сөйлеуін дамыту білім бағдарламасын жобалау мен жүзеге асыруға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи беталыстарына сәйкес магистранттарды даярлау.
Мазмұны: Жаратылыстану білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны. Жаратылыстану білім беруді ұйымдастырудағы жүйелілік тәсілдеме. «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы бойынша бастауыш білімнің заманауи беталыстары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы бойынша оқытуды жобалауға және ұйымдастыруға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Математика және АКТ» пәндік саласы бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи беталыстарына сәйкес магистранттарды даярлау.
Мазмұны: Математикалық және АКТ білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Математикалық және АКТ» білім беру саласының мазмұны. Математикалық және АКТ білім беруді ұйымдастырудағы жүйелілік тәсілдеме. ««Математика және АКТ» пәндік саласы бойынша бастауыш білімнің заманауи беталыстары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Математика и АКТ» пәндік саласы бойынша оқытуды жобалауға және ұйымдастыруға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі саласындағы құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Бағалаудың заманауи құралдары. Мониторинг. Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйелері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі жүйесі мен халықаралық тәжірибесі. Қазақстанда және шетелдегі білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.
Құзыреттіліктер: Оқу жетістіктері нәтижелерінің критерийлерін жасап, түсіндіре, жүйелей алу; бақылаудың заманауи әдістерін, білім берудің сапасын халықаралық бағалау мониторингісін игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім беру саласындағы теориялық және эмпирикалық зерттеулерді ұғынуға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Гносеология – таным жайлы философиялық ілім. Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім берудің гносеологиялық аспектілерін философиялық талдау. Білім беру үдерісіндегі ақиқатты танудың гносеологиялық негіздері және алғышарттары. Көпмәдениетті бастауыш мектептегі білім беру үдерісіндегі таным субъектілері.
Құзыреттіліктер: гносеологияның негізгі тұжырымдамалары мен теориясын білуге қабілетті; гносеолоиялық тұрғыдан білім берудің теориясы мен тәжірибесін сыни талдайды және бағалайды; білім беру ортасындағы таным үдерісімен байланысты мәселелерді шешу үшін талдау дағдыларын қолдана алады.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету үшін оқытудың дәстүрлі және цифрлық әдістерін үйлестіре алу құзыреттіліктерімен қаруландыру.
Мазмұны: Гибридті оқыту технологиясының артықшылықтар. Гибридті оқыту және аралас оқыту. Гибридті оқытудың қиындықтары мен мүмкіндіктері. Гибридті форматта оқытуды әзірлеуге деген көзқарас. Гибридті оқыту технологиясын іске асырудың ерекшеліктері.
Құзыреттіліктер: заманауи білім беру технологияларымен және құралдарымен қарулану, гибридті оқу үдерісіндегі әртүрлі цифрлық ресурстарды кіріктіре алу білігі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Ғылымды ұйымдастыру және жұмыс істеу тәсілдері, оның дамуының жалпы заңдылықтары, білімге қол жеткізудің ұтымды әдістемесі мен нормалары, ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік-мәдени шарттылығы туралы түсініктерді қамтитын ғылыми танымның философиялық-әдіснамалық мәдениеті негізінде ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді меңгеру.
Мазмұны: Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми тиімділік. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Табиғаттану. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы қатысымдық технологиялар, ақпараттық үдерістер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.
Құзыреттіліктер: Нақты педагогикалық және әдістемелік міндеттерді шешу үшін оқытудың заманауи тұжырымдамаларын отандық және шетелдік тәжірибеде қолдануды жүйелейді, таратады және жалпылайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім беруде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұйымдастыру, өткізу және көрсету құзыреттіліктерімен қаруландыру.
Мазмұны: Жалпығылыми және философиялық әдіснама. Мән-мағынасы, жалпы ұстанымдары. Әдіснама және ғылыми-зерттеу әдістері. Әдіснама және сапаны басқарудағы ғылыми-зерттеу әдістері. Ғылыми-техникалық ақпараттар негіздері.
Құзыреттіліктер: Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім берудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұйымдастыруға, өткізуге және көрсетуге қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, жеке тұлғаға бағдарланған тәсілдеме негізінде, копмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп, білім беру үдерісін жобалауға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының таным кезеңдері. Психикадағы жекелік, жалпылық, типтік. Тұлға мен жекелікті зерттеу әдістері. Даралықтың даму факторлары. Кіші мектеп жасындағы оқушының даралығына ортаның әсері. Даралықтың құрылымы. Индивидтік сапалар: мидың жарты шарының асимметриясы, темперамент психологиясы. Мінез-құлық психологиясы. Бала қабілетінің психологиясы. Даралыққа деген типтік көзқарас. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының ерекше белгілері: қасиеттері, теориялар, қосымшалар. Даралықтың әлеуметтік аспектілері. Кіші мектеп жасындағы оқушы даралығының кіріктірілген сипаттамасы.
Құзыреттіліктер: дара айырмашылықтар психологиясының базалық бөлімдерінің түйінді ұғымдарын қолдануға, адам психикасының өзгеруін анықтайтын себептер мен факторларды анықтауға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Педагогика ғылымы мен жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы мәселелері бойынша жалпы мәдени, жалпы кәсіптік, кәсіптік құзыреттіліктерді, саналы кәсіптік ұстанымды, жоғары мектептің өзекті кәсіптік мәселелері мен міндеттерін шешу қабілетін меңгеру.
Мазмұны: Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіснамасы. ЖОО оқытушысын кәсіби құзыреттілігі, оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, МҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі менеджмент
Құзыреттіліктер: Нақты педагогикалық және әдістемелік міндеттерді шешу үшін оқытудың заманауи тұжырымдамаларын отандық және шетелдік тәжірибеде қолдануды жүйелейді, таратады және жалпылайды.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Магистранттарды оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды қолдануға үйрету.
Мазмұны: Компьютердің көмегімен оқытуды автоматтандырылған бағдарламалық басқарудың әдіснамасы. Компьютермен басқарылатын оқытудың педагогикалық негіздері. Цифрлық контент пен цифрлық трансформацияна жасау. ЖОО-нда цифрлық ресурстар, цифрлық технологияларды қолдану. Интернет-технологиялар. Виртуалды оқыту. Цифрлық қызметтер және құралдар. Онлайн-курстар.
Құзыреттіліктер: цифрлық контент құра алу, цифрлық ресурстар мен цифрлық технологияларды қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарда білім беру жүйесіндегі көптілді оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы жүйелі білімдермен қаруландыру.
Мазмұны: Категория – көптілді білім берудің ұғымдық аппараты. Қазақстандағы көптілді білім берудің құқықтық құжаттары. Бастауыш мектептегі көптілді білім беру.
Құзыреттіліктер: көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін білу; біртұтас жүйе, көптілді білім берудің әдіснамалық, психологиялық, әдістемелік негіздері жайлы пікір қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістерін пайдалануға үйрету.
Мазмұны: Педагогика мен психологиядағы өлшеу мәселелері. Математикалық нысандар жайлы түсінік. Зерттелетін нысандардың жиынтығы. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің негізгі әдістері. Таңдаманы бағалау әдістері. Дұрыс үлестірілім. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің корреляциялық әдістері. Регрессиялық талдау. Рангілік корреляциялар. Педагогика ғылымындағы математикалық әдістердің эволюциясы. Педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістерді қолданудың қазіргі жәйі.
Құзыреттіліктер: статистикалық ғылыми нәтижелерді математикалық әдістермен өңдеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, білім алушыларды ұлттық құндылықтарға тарту, мобильді технологиялар негізінде білім беру үдерісін жобалау мен жүзеге асыруға бағытталған құзыреттіліктермен қаоуландыру.
Мазмұны: Аксиология. Оқытудағы аксиологиялық тәсілдеме. Базалық ұлттық құндылықтар мен құндылық бағыттар: философиялық және психологиялық-педагогикалық аспектілер. Бастауыш білім беру пәндері мазмұнының құндылықтық компоненті. Білім алушыларды ұлттық құндылықтарға баулу міндеттерін шешудегі мобильді ақпараттық жүйелердің артықшылықтары.
Құзыреттіліктер: Білім алушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, білім алушылардың білім нәтижелерін бағалау үшін мобилді технологиялар мен цифрлық білім беру ортасы компоненттерін қолдануға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Кәсіби іс-әрекеттің ұстанымдары мен адамгершілік нормаларының жүйесі ретіндегі кәсіби этиканы игерту. Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын игеруге көмек көрсету.
Мазмұны: Деонтология – педагогтің кәсіби мінез-құлық теориясы. Педагогикалық деонтология – педагогтің кәсіби мінез-құлық теориясы. Педагог мінез-құлқының этикалық нормалары. Педагогтің адамгершілік іс-әрекеті. Өзара әрекеттесу технологиясы. Педагогикалық артистизм. Педагогикалық шеберлік.
Құзыреттіліктер: педагогтің кәсіби этикасының теориясы мен тәжірибесі саласындағы іс-әрекеттің базалық біліктері мен тәсілдерін игереді.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, психологиялық механизмдер, индивидтің көпмәдениетті білім ортасында әлеуметтік-мәдени тәжірибенің зағдылықтарын игеру негізінде білім беру үдерісін жобалауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Психодидактиканың әдіснамалық негіздері. Дидактикалық жүйе. Оқытудың типтері мен түрлері. Дамыта оқыту жүйесі. Бастауыш білім берудің эксперименталды моделі. Білім берудің заманауи модельдері. Оқыту және дамыту. Оқыту және шығармашылық. Таным және оқу. Білім беру мазмұнын түзудің психодидактикалық негіздері. Оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерінің психодидактикалық негіздері.
Құзыреттіліктер: Жүйелілік тәсілдеме негізінде проблемалық жағдаяттарды сын тұрғысынан талдауға, әрекет стратегиясын әзірлеуге, білім алушылардың бірлескен және дара оқу және тәрбиелік әрекетін ұйымлдастыруды жобалауға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға көмек көрсету мақсатында тұлғаның өзін-өзі өзектендірудің денсаулық сақтау психотехнологияларын кәсіби әрекетте табысты жүзеге асыруға қажетті құзыреттіліктермен қаруландыру.
Мазмұны: Ауру мен денсаулықты түсінудің тарихи дамуы. Денсаулық адамның оңтайлы дамуы ретінде.Әр түрлі жас кезеңдерінде адамның тиімді дамуы. Денсаулықтың әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Денсаулықтың профилактикасы, оны сақтау және нығайту. Тұлғаның өзін-өзі өзектендіруіндегі денсаулық сақтау психотехнологиялары.
Құзыреттіліктер: өзінің әрекетінің басымдықтарын және өзін-өзі бағалау негізінде оны жетілдірудің тәсілдерін анықтауға және жүзеге асыруға қабілетті.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: Ресми-іскерлік тілдің, кәсіби қызметтің, ғылыми-зерттеу жұмысының, шетелдік серіктестермен қарым-қатынастың, өзін-өзі тәрбиелеудің әртүрлі салаларында шет тілін қолдануға мүмкіндік беретін қатысымдық құзыреттіліктің қажетті және жеткілікті деңгейін меңгеру.
Мазмұны: C1, C2 (тілдік мамандықтар) деңгейінде шет тілін меңгеру, монологтық және диалогтық нысанда LSP байланысы (баяндама, презентация, әңгіме, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде зерттеу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды тыңдау. Ғылыми мақалалар, баяндамалар, жобалар, т.б. жазу, рәсімдеу. Сөздіктермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Екі жақты аударма дағдылары.
Құзыреттіліктер: заманауи қатысымдық технологияларды шетел тілінде қолдануға, мәдениаралық әрекеттесу үдерісінде әртүрлі мәдениетті талдауға және ескеруге қабілетті.
Тәжірибені қорғау
Мақсаты: оқу сабақтарын жобалау, әзірлеу, өткізу және талдау практикалық дағдыларын қалыптастыру, ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмыстардың тәжірибесін игеру.
Мазмұны: Теориялық білімдер мен практикалық біліктерді жүйелеу және кеңейту. Оқу сабақтарына арналған материалды өз беттерімен дайындау. Оқу сабақтарын өз бетімен өткізу және талдау. Практикалық міндеттерді кәсіби деңгейде шешу тәжірибесін меңгеру.
Құзыреттіліктер: алынған білімді оқытуда қолдана алу; оқу сабақтарын жоспарлау, өткізу және талдау.