педагогика ғылымдарының магистрі
1.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен миссиясы «7М013 – Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)» білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек рыногында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білім беру ортасындағы жоғары академиялық стандарттарға сәйкес терең білім игерген, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді құрылымдауға және шешуге қабілетті, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық әрекеттерді табысты жүзеге асыратын жоғары білікті педагог кадрларды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының миссиясы ̶ әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын бастауыш білім саласында іргелі базалық білімгеие магистрлерді даярлау, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін арттыру.
Білім беру бағдарламасының негізгі көрсеткіштері
«7М013 – Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағдарламасын игерудің нормативті мерзімі 2 жылды құрайды (оқуың ғылыми-педагогикалық формасы үшін). «7М013 – Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағдарламасының көлемі 120 есептік бірлікті құрайды (ECTS). Бағдарлама бюджеттік және ақылы негізде құрылған, практикаға бағдарлық сипаттамаға ие, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Берілетін біліктілік: «7М013 – Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
7M01301
Педагогика және психология факультеті
Ғылыми - педагогикалық бағыт
күндізгі
0 〒 (күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Ғылыми - педагогикалық бағыт)
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қазақ (орыс) тілін оқытуды ұйымдастыруға қажетті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Мазмұны: бастауыш тілдік білімнің жаңартылған бағдарламалары. Бастауыш сыныптардағы қазақ (орыс) тілі курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттары. Қазақ (орыс) тілін оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау. Қазіргі қазақ (орыс) тілі сабағының түрлері.
Құзыреттілігі: бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқытуды жобалау және ұйымдастыруға қажетті кәсіби біліктерді меңгеру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: қазақ (орыс) тілін оқытуды ұйымдастыруға қажетті білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Мазмұны: бастауыш тілдік білімнің жаңартылған бағдарламалары. Бастауыш сыныптардағы қазақ (орыс) тілі курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттары. Қазақ (орыс) тілін оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау. Қазіргі қазақ (орыс) тілі сабағының түрлері.
Құзыреттілігі: бастауыш мектепте қазақ (орыс) тілін оқытуды жобалау және ұйымдастыруға қажетті кәсіби біліктерді меңгеру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: математиканы оқытуды ұйымдастыруда білім, білік және құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Мазмұны: Математиканы оқыту әдістемесі - ғылым және оқу пәні. Математиканы оқытудың мазмұны, құралдары, әдістері мен формалары. «Сандар және шамалар», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері», «Жиын. Логика элементтері», «Математикалық модельдеу» бөлімдері және оларды оқыту әдістемесі. Математика сабағында білім алушылардың өздік, алгоритмдік, шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру.
Құзыреттіліктері: математиканы оқытуды жоспарлау мен ұйымдастыру кәсіби біліктерін игеру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу барысында білім алушылар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын меңгеру.
Мазмұны: ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдылары. Академиялық мәтіндерді рәсімдеу түрлері. Академиялық мәтіндердің түсініктері, функциялары және жанрлары.
Құзыреттер: ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну дағдыларын қалыптастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Пәнді оқу барысында білім алушылар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: басқарушылық қызметтің психологиялық мазмұны мен құрылымы, көшбасшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері және ұйымдық мақсаттарға жету үшін адамдардың бірлескен іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру; халық шаруашылығының әртүрлі салаларында басқарушылық қызметті психологиялық қолдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: басқару психологиясы-басқару қызметінің заңдылықтары туралы психология бөлімі. Психологиялық жағдайларды, басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. Басқарушылық кіші жүйенің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау және болжау; бағыныштылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімнің орындалуын ұйымдастыру. Менеджердің басқару қажеттіліктері мен қабілеттері. Диагностикалық құралдарды құру, менеджерлерді даярлаудың белсенді әдістерін әзірлеу, басқарушылық кеңес беру түрінде практикалық іске асыру.
Құзыреттіліктер: өзіңізді және эмоцияларыңызды басқара білу, әріптестеріңізбен және бағыныштыларыңызбен қарым-қатынас орнату және қолдау. Жанжалдарды шешу және жағымсыз жағдайлармен күресу мүмкіндігі. Басқару және шешім қабылдау стратегияларын әзірлеу дағдылары. Өзіңізді және басқаларды ынталандыру мүмкіндігі. Ұйымдағы адамдардың мінез-құлқын талдау және түсіну дағдылары. Команданы басқара білу және алға қойған мақсаттарға жету. Уақыт пен ресурстарды басқару дағдылары. Өзгерістермен жұмыс істей білу және оларға бейімделу.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Мазмұны: бастауыш мектеп педагогикасының әдіснамалық, аксиологиялық негіздері. Мектептегі педагогикалық үдеріс жүйе және тұтас құбылыс ретінде. Жас, жеке дара даму ерекшеліктері. Қазіргі тәрбиенің заңдылықтары мен ұстанымдары. Дидактика. Жаңартылған бастауыш білім мазмұны. Қазіргі бастауышта оқытудың заңдылықтары, ұстанымдары, әдістері, құралдары мен формалары.
Құзыреттілігі: өздігінен білім алуға, инновациялық және шығармашылық қызметке дайын.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Мазмұны: бастауыш мектеп педагогикасының әдіснамалық, аксиологиялық негіздері. Мектептегі педагогикалық процесс жүйе және біртұтас құбылыс ретінде. Дамудың жас ерекшеліктері, жеке ерекшеліктері. Қазіргі білім берудің заңдылықтары мен принциптері. Дидактика. Жаңартылған бастауыш білім берудің мазмұны. Қазіргі Бастауыш оқытудың заңдылықтары, принциптері әдістері, құралдары мен формалары.
Құзыреттіліктер: өзін-өзі тәрбиелеуге, инновациялық және шығармашылық қызметке дайын.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Тіл, әдебиет» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау.
Мазмұны: Тілдік, әдебиеттік білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Тілдік білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Тіл, әдебиет» саласын оқытуды жобалау, ұйымдастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Тіл, әдебиет» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау.
Мазмұны: Тілдік, әдебиеттік білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері. Тілдік білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Тіл, әдебиет» саласын оқытуды жобалау, ұйымдастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Дүниетану және жаратылыстану» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау.
Мазмұны: Жаратылыстану-ғылыми білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны. Жаратылыстану-ғылыми білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. «Дүниетану және жаратылыстану» пән саласының бастауыш білім берудің заманауи тенденциялары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру пән саласын оқытуды жобалау және ұйымдастыру
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Математика және АКТ» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау.
Мазмұны: математикалық және АКТ білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Математика және АКТ» білім беру саласының мазмұны. Математикалық және АКТ білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Бастауыш математикалық және АКТ білім берудің заманауи тенденциялары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Математика және АКТ» білім беру пән саласын оқытуды жобалау және ұйымдастыру.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рационалдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде.Табиғаттану. Қоғамдық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы коммуникативтік технологиялар, ақпараттықпроцестер. Жаратылыстан ужәне әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рационалдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде.Табиғаттану. Қоғамдық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы коммуникативтік технологиялар, ақпараттықпроцестер. Жаратылыстан ужәне әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: жоғары мектепте Педагогикалық шеберлік және оқу-тәрбие процесін басқару дағдыларын дамыту.
Мазмұны: педагогиканың негізгі категориялары. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білімнің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдістемесі.
Құзыреттіліктері: ЖОО оқытушысын оқыту теориясы. ЖЖМ, ҒЗЖМ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі Менеджмент.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.
13
Тәжірибені қорғау
Ғылыми-зерттеу практикасының мақсаты магистранттардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қажетті кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады. Ғылыми-зерттеу практикасы магистранттардың оқу кезінде алған теориялық білімдерін бекітуге және тереңдетуге, өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысы мен педагогикалық қызмет дағдыларын меңгеруге және дамытуға ықпал етеді. Практика теориялық және практикалық материалды зерделеуде сабақтастықты және бірізділікті қамтамасыз етеді, зерттеу пәніне кешенді көзқарасты қарастырады.
5
ҒЗЖ қорғау
Ғылыми – зерттеу жұмысы - бұл магистранттардың өзін-өзі көрсету тәсілі, өйткені оларға жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының жетекшілігімен ұсынылған тақырыптарға сәйкес жүзеге асырылатын интеллектінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы магистранттың жеке қалауы бойынша таңдалуы тиіс
5
ҒЗЖ қорғау
Магистранттарды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған тәжірибелік курс болып табылады. Бұл пән магистранттарға зерттеу әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, ғылыми деректерді жинау және талдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Курс барысында магистранттар өздерінің зерттеу тақырыбын таңдауға, гипотезаны тұжырымдауға және зерттеу әдістемесін әзірлеуге бағытталған жұмыстар атқарады. Бұл тәжірибе магистранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізіп, ғылыми ортада өзекті мәселелерге жауап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
9
ҒЗЖ қорғау
Магистранттарды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған тәжірибелік курс болып табылады. Бұл пән магистранттарға зерттеу әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, ғылыми деректерді жинау және талдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Курс барысында магистранттар өздерінің зерттеу тақырыбын таңдауға, гипотезаны тұжырымдауға және зерттеу әдістемесін әзірлеуге бағытталған жұмыстар атқарады. Бұл тәжірибе магистранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізіп, ғылыми ортада өзекті мәселелерге жауап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
9
ҒЗЖ қорғау
Магистранттарды ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған тәжірибелік курс болып табылады. Бұл пән магистранттарға зерттеу әдістері мен тәсілдерін меңгеруге, ғылыми деректерді жинау және талдау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Курс барысында магистранттар өздерінің зерттеу тақырыбын таңдауға, гипотезаны тұжырымдауға және зерттеу әдістемесін әзірлеуге бағытталған жұмыстар атқарады. Бұл тәжірибе магистранттарға ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізіп, ғылыми ортада өзекті мәселелерге жауап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
8
Магистрлік диссертация
Мақсаты: магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау.
Мазмұны: Өз бетімен жүргізген зерттеулерінен, теориялық, эксперименталды нәтижелерден тұратын, таңдап алған өзекті мәселесі бойынша қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін магистрлік диссертацияны Мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында көпшілік алдына ұсыну.
Құзыреттіліктер: даярлау бағыты бойынша теориялық білім, практикалық біліктерді жүйелеу, оларды нақты ғылыми, қолданбалы міндеттерді шешуде қолдану.
4
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарда кәсіби салада шет тілінде коммуникация дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: магистранттардың кәсіби саласына сәйкес тілдің терминологиясы мен ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ кәсіби қажеттіліктерді ескере отырып жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау және оқу дағдыларын дамыту.
Құзыреттері:
1. Шет тілінде кәсіби лексика мен грамматиканы меңгеру.
2. Кәсіби сипаттағы мәтіндерді құрастыру және түсіну қабілеті.
3. Кәсіби ортадағы ауызша қарым-қатынас дағдылары.
4. Кәсіби деңгейде ана тілінде сөйлейтіндерге мәдени бейімделу және өзара әрекеттесу мүмкіндігі.
5. Кәсіби құжаттамамен және ақпаратпен жұмыс істеу үшін шет тілін қолдана білу.
6. Алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігі.
5
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарда кәсіби салада шет тілінде коммуникация дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: магистранттардың кәсіби саласына сәйкес тілдің терминологиясы мен ерекшеліктерін зерделеу, сондай-ақ кәсіби қажеттіліктерді ескере отырып жазу, ауызша сөйлеу, тыңдау және оқу дағдыларын дамыту.
Құзыреттері:
1. Шет тілінде кәсіби лексика мен грамматиканы меңгеру.
2. Кәсіби сипаттағы мәтіндерді құрастыру және түсіну қабілеті.
3. Кәсіби ортадағы ауызша қарым-қатынас дағдылары.
4. Кәсіби деңгейде ана тілінде сөйлейтіндерге мәдени бейімделу және өзара әрекеттесу мүмкіндігі.
5. Кәсіби құжаттамамен және ақпаратпен жұмыс істеу үшін шет тілін қолдана білу.
6. Алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде кәсіби қызметте қолдану мүмкіндігі.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды «Soft skills» даму ерекшеліктері мен технологиясымен таныстыру.
Мазмұны: Коммуникативті дағдылар (іскерлік ынтымақтастық қабілеті, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу, басқалардың пікіріне төзімділік, коммуникативті өзара әрекеттесу дағдылары); қарым-қатынас құру. Эмоционалды интеллект. Көшбасшылық. Шығармашылық мәселелерді шешу. Жанжалды жағдайларды шешу мүмкіндігі. Икемділік, ойлау мен мінез-құлық үлгілерінен асып түсу мүмкіндігі.
Құзыреттіліктер: магистранттардың икемді дағдыларын, коммуникация, тайм-менеджмент дағдыларын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, кәсіби қызметте "Soft skills" іске асыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі саласындағы теориялық-қолданбалы білімдер.
Мазмұны: Бағалаудың заманауи құралдары. Мониторинг. Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі жүйесі мен халықаралық тәжірибесі.
Құзыреттіліктер: бағалаудың мазмұны мен критерийлерін, оқыту үдерісін бақылаудың тәсілдерін білу; критерийлерді жасап, оқу жетістіктерінің нәтижелерін түсіндіре, жүйелей алу;
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі саласындағы теориялық-қолданбалы білімдер.
Мазмұны: Бағалаудың заманауи құралдары. Мониторинг. Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі жүйесі мен халықаралық тәжірибесі. Қазақстанда және шетелдегі білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.
Құзыреттіліктер: бағалаудың мазмұны мен критерийлерін, оқыту үдерісін бақылаудың тәсілдерін білу; критерийлерді жасап, оқу жетістіктерінің нәтижелерін түсіндіре, жүйелей алу; бақылаудың заманауи әдістерін, білім берудің сапасын халықаралық бағалау мониторингісін игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: кәсіби міндеттерді шешу құралы ретіндегі интербелсенді оқыту технологиясын игеру, шығармашылық педагогикалық ойды дамыту.
Мазмұны: Интербелсенді оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Интербелсенді технологиялар, әдістер. Интербелсенді әдістердің жіктемеленуі. Оқытудың интербелсенді әдістерін іріктеудің критерийлері. Релаксацияның белсенді әдістері. Ақыл-ойды белсендіру тәсілдері.
Құзыреттіліктер: интербелсенді оқыту әдістерін игеру, кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуде интербелсенді технологияларды қолдану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыздандырудың негізгі ұғымдары жайлы жүйелі біліммен қаруландыру.
Мазмұны: Бастауыш мектептегі білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыздандырудың мақсаты мен міндеттері. Негізгі бағыттары: психологиялық қамтамасыздандырудың формалары мен әдістері. Білім беру ортасындағы тұлғаның дамуын психологиялық қамтамасыздандырудың алдын-алу бағдарламасы.
Құзыреттіліктер: бастауыш білім берудегі оқу-тәрбие үдерісін психологиялық қамтамасыздандырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттарын білу; психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандырудың негізгі бағыттарын бағалаудың әдістері мен құралдарын іріктеу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: алдыңғы қатарлы озық тәжірибені жалпылау.
Мазмұны: Алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеу мен ендірудің педагогикалық шарттары. АОТ-ні зерттеу мен ендіру мәселелері. Мұғалімнің шығармашылығы. Кәсіби-шығармашылық өздігінен білім алу жоғары адамгершілік және мәдени деңгейге жетудің шарты ретінде.
Құзыреттіліктер: озық тәжірибені зерттеу мен ендірудің педагогикалық шарттарын, педагогтің кәсіби құзыреттіліктерін білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: бастауыш мектеп педагогикалық ғылымының өзекті мәселелері жайлы түсінік.
Мазмұны: Білім берудің негізгі беталыстары, мәселелері, болашағы. Білім беру жүйелерінің мектепке дейінгі, бастауыш деңгейлері арасындағы сабақтастық. Бастауыш білім берудің әдіснамалық мәселелері.
Құзыреттіліктер: білім беруді дамытудың әлемдік беталыстарын қолдану; заманауи білім парадигмаларының мәселелерін, болашағын анықтай алу; ғылыми-зерттеу әрекетінің негіздерімен қарулану.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: кәсіби міндеттерді шешу құралы ретіндегі ӨМШТ-н игеру, шығармашылық педагогикалық ойды дамыту.
Мазмұны: ӨМШТ-ның ғылыми-әдістемелік негіздері. Шығу тарихы, қалыптасу кезеңі. ӨМШТ білім алушылардың сыни ойлауы, шығармашылық қабілеттерін дамытудың мақсатқа бағыттылық, басқарушылық үдерісінің құралы ретінде.
Құзыреттіліктер: ӨМШТ әдістерін, ӨМШТ-н пайдалану арқылы кәсіби-педагогикалық, оқу міндеттерін практикалық тұрғыдан шешуді игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Дүниетану және жаратылыстану» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи тенденцияларына сай магистранттарды даярлау.
Мазмұны: Жаратылыстану-ғылыми білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны. Жаратылыстану-ғылыми білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс.
Құзыреттіліктер: «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру пән саласын оқытуды жобалау және ұйымдастыру
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: «Математика және АКТ» пән саласы білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесінің тенденцияларына сай магистранттарды даярлау.
Мазмұны: математикалық, АКТ білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Математика, АКТ» білім беру саласының мазмұны. Математикалық, АКТ білім беруді ұйымдастырудың жүйелілік тұғыры. Бастауыш математикалық, АКТ білім берудің заманауи тенденциялары.
Құзыреттіліктер: «Математика және АКТ» білім беру пән саласын оқытуды жобалау және ұйымдастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттардың білім берудегі негізгі үдерістер мен жаңа технологияларды меңгеру және оларды оқу іс-әрекетінде және психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану.
Мазмұны: талдау, бақылау, бағалау, жобалау, жоспарлау, басқару, құрылымдау, мобильді құрылғылар.
Құзыреттіліктер: білім берудің заманауи трендтерін, оқу үрдісінде мобильді құрылғыларды қолдану; зерттеу және практикалық қызметте жаңа технологияларды қолдана білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарды ғылыми-педагогикалық жобалау базасын құрайтын теориялық ережелермен, зерттеу жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру.
Мазмұны: ғылыми-педагогикалық жобалау әдістемесі, теориялары мен технологиялары. Ғылыми-педагогикалық жобалаудың ерекшеліктері. Білім беру ортасын жобалаудың технологиялық процесі. Ғылыми-педагогикалық жобалаудың стратегиясы, принциптері мен кезеңдері. Зерттеу нәтижелері. Ғылыми-педагогикалық жобалаудағы Этика.
Құзыреттіліктер: ғылыми-педагогикалық жобалаудың ерекшеліктерін, оның технологияларын, формаларын, принциптерін, орындалу реттілігін түсіну; зерттеу қызметінде теориялық білімді жүзеге асыра білу.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарда дамытушылық білім ортасын жобалау ерекшеліктері жайлы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Мазмұны: Тәрбие, білім ортасын жобалау технологиясы. Жобалау процедуралары, бастауыш мектептегі дамытушылық білім ортасын жобалаудың ұстанымдары, технологиясы. Дамытушылық білім кеңістігін ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістемесі.
Құзыреттіліктер: педагогтың жобалаушылық әрекетінің әдіснамалық негіздерін білу; тәрбиелік, тәрбиелік білім ортасын жобалаудың технологияларын пайдалану тәжірибесін игеру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: заманауи білім берудегі мәдени-тарихи және іс-әрекеттік тұғырлар жайлы біліммен қарулану.
Мазмұны: Мәдени-тарихи іс-әрекеттік тұғыр. Іс-әрекет категориялары: негізгі теориялық бағыттары. Іс-әрекет категориялары мен психикалық бейнелеулер, қатынас жасау және тұлғаның өзара байланысы. Іс-әрекеттің әдіснамалық қызметтері. Іс-әрекеттік тұғыр: зерттеудің негізгі бағыттары. Жүйелілік тұғырдың сипаттамасы және оның ұстанымдарын әрекетті оқытуда жүзеге асыру. Іс-әрекетке құрылымдық, процессуалдық және қызметтік талдау. Мәдениет тұлғаның білім беру әлеуметтік эволюциясының факторы ретінде.
Құзыреттіліктер: іс-әрекетті және әлеуметтік құралдарды реттей алу қабілетінің болуы
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: магистранттарда білім беру жүйесіндегі көптілді оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы жүйелі білімдермен қаруландыру.
Мазмұны: Категория – көптілді білім берудің ұғымдық аппараты. Қазақстандағы көптілді білім берудің құқықтық құжаттары. Бастауыш мектептегі көптілді білім беру.
Құзыреттіліктер: көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін білу; біртұтас жүйе, көптілді білім берудің әдіснамалық, психологиялық, әдістемелік негіздері жайлы пікір қалыптастыру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: адам, бала жайлы білімнің ғылыми-теориялық негіздерімен қарулану.
Мазмұны: Педагогикалық антропологияға кіріспе. Адам педагогикалық антропологияның пәні ретінде. Адамның дамуы ғылыми мәселе ретінде. Мәдениет антропологиялық феномен ретінде. Тәрбие антропологиялық үдеріс ретінде. Педагогикалық әрекеттің құрылымы жайлы білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесінің педагогикалық дүниетанымын қалыптастыру.
Құзыреттіліктер: адам, бала жайлы заманауи теориялық білімді жүйелеу, түсіндіру.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты:магистранттарды педагогтың кәсіби этикасы жайлы, педагогикалық қызметтің кәсіби-этикалық нормалары жайлы біртұтас түсініктермен қаруландыру.
Мазмұны: Педагогикалық деонтология – кәсіби борыш жайлы ғылым. Деонтология ұстанымдары. Педагогтың кәсіби этикасы кәсіби қызметтің ұстанымдар, адамгершілік нормаларының жүйесі ретінде.
Құзыреттіліктер: педагогикалық деонтологияның теориялық негіздерін, педагогикадағы «этика», «деонтология» ұғымдарының арақатынасын; кәсіби борышты сезінудің критерийлерін түсіну.
[АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
Мақсаты: педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістерін пайдалануға үйрету.
Мазмұны: Педагогика мен психологиядағы өлшеу мәселелері. Математикалық нысандар жайлы түсінік. Зерттелетін нысандардың жиынтығы. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің негізгі әдістері. Таңдаманы бағалау әдістері. Дұрыс үлестірілім. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің корреляциялық әдістері. Регрессиялық талдау. Рангілік корреляциялар.
Құзыреттіліктер: статистикалық ғылыми нәтижелерді математикалық әдістермен өңдеу.
Тәжірибені қорғау
Музыкалық білім берудегі зерттеуді жобалау және ұйымдастыру. Ғылыми проблеманы тұжырымдауды игеру, Музыкалық білім беру контекстінде зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін қою. Әдістемені таңдау, гипотезаны негіздеу, үлгіні анықтау, диагностикалық құралдарды әзірлеу тәсілдерін зерттеу. Студенттер мен ПОҚ қатысатын зерттеулердің этикалық аспектілері. Жеке зерттеу жоспарын дайындау және білім беру ортасында пилоттық зерттеу жүргізеді.
Тәжірибені қорғау
Мақсаты: оқу сабақтарын жобалау, дайындау, өткізу, талдау практикалық біліктерін қалыптастыру, ұйымдастырушылық, тәрбиелік жұмыстар тәжірибесін меңгеру.
Мазмұны: Теориялық білімдер, практикалық біліктерді жүйелеу, кеңейту. Оқу сабақтарына арналған материалды өз беттерімен дайындау. Оқу сабақтарын өз бетімен өткізу, талдау.
Құзыреттіліктер: алынған білімді оқытуда қолдана алу; оқу сабақтарын жоспарлау, өткізу және талдау.