Қазақ тілі мен әдебиеті

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

"6В017 - Тіл және әдебиет (Қазақ тілі мен әдебиеті) бойынша мұғалімдерді дайындау" білім беру бағдарламасының мақсаты)»:
-қазақ тілі мен әдебиеті бойынша көпмәдениетті, коммуникативтік, шығармашылық және жоғары кәсіби педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік маңызды міндеттерді қазіргі заманғы ғылыми-практикалық деңгейде шешуге қабілетті, сонымен қатар жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікпен, кәсіби қызметті келесі бағыттарда жүзеге асыруға қабілетті біліктілігі жоғары педагогикалық кадрларды даярлау,
- оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу;
- қазақ тілі мен әдебиеті саласында жүйеленген білімді қалыптастыру;
- қазіргі ғылыми деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
- оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу;
- қазақ тілі мен әдебиеті саласында жүйеленген білімді қалыптастыру;
- қазіргі ғылыми деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
- ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.

Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:
- қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;
- негізгі құзыреттіліктер жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар жалпы ғылыми және арнайы білімді, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- дене, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту тәсілдерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Қазақ тілі мен әдебиеті

6B01701

Филология факультеті

Қазақ тілі

Қазақ әдебиеті

60 (Каз.) 60 (Орыс.)