Физика-информатика

біліктілігі мен академиялық дәрежесі:

білім бакалавры

1.1 «6В01506 – Жаратылыстану-ғылыми пәндер (физика және информатика) бойынша мұғалімдер дайындау мамандығының оқу бағдарламасының мақсаты:
1.1.1 – мәдениетті, коммуникативті, педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді заманауи ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби түрде шеше алатын, сондай-ақ әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары, кәсіби қызметін келесі бағыттарда жүзеге асыра алатын физика және информатика бойынша жоғары квалификациялы педагогикалық кадрлар дайындау:
1.1.2 – білім алушының бойында жан жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру;
1.1.3 – физика және информатика саласында жүелі білімді қалыптастыру;
1.1.4 – физика және информатика бойынша оқу үдерісін заманауи ғылыми деңгейде ұйымдастыру;
1.1.5 – ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
1.2. Оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
1.2.1 – болашақ физика және информатика мұғалімдерін қоғамның әлеуметтік тапсырысына және әлемдік білім беру стандарттарына сай сапалы кәсіби дайындау;
1.2.2 – болашақ физика және информатика мұғалімдерінің бойында түйінді құзыреттер жүйесін, сондай-ақ жалпы ғылыми және арнайы білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру;
1.2.3 – физикалық, рухани және интеллектуалды өзін өзі дамыту тәсілдерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Физика-информатика

6B01506

Математика, физика және информатика факультеті

Бiрiншi жоғары бiлiм

күндізгі

Физика

Математика

60 (Каз.) 60 (Орыс.)

0 〒 (күндізгі, Бiрiншi жоғары бiлiм)
0 〒 (шетелдіктер, күндізгі, Бiрiншi жоғары бiлiм)